0 комментариев

Үндестік заңы.   Буын үндестігі

  Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымшаның немесе сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үйлесіп, айтылу жағынан біріне-бірі ықпал етіп жақындап отырады.

Сөз ішіндегі, сөз бен қосымша және сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бірімен-бірі ұқсауын үндестік заңы (сингармонизм) дейміз. Қазақ тілінде үндестік заңы екі түрлі:

1)  буын үндестігі (дауысты дыбыстардың үндестігі);

2)  дыбыс үндестігі (ассими­ляция, дауыссыз дыбыстардың үңдестігі).

Буын үңдестігі

Үндестік заңы (сингармо­низм) дауысты дыбыстардың үндесуі және сөздегі сөз бен қосымшалардағы дауыссыз дыбыстардың біріне-бірін ұқсата әсер етуін айтады.

Қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді, ал буындар мен сөздердің жуан не жіңішке болуы сөз құрамындағы дауысты дыбыстарға байланысты. Мысалы: қа-рақ-шы-лар-ды, тер-геу-ші-лер-мен.

 Фонетически слова в совре­менном казахском литературном языке строятся в соответствии с характерным для тюркских языков законом межслогового сингармонизма, состоящего в созвучии гласных и согласных звуков основы и аффиксов. Действие закона сингармонизма проявляется в двух видах фонетических явлений:

1) сингармонизме (гармонии) гласных звуков;

2 ) ассимиляции (уподоблении) согласных звуков.

Сингармонизм

Сингармонизм (от гр. syn — вместе + harmonia — связь, созвучие), или гармония гласных звуков, есть уподобление последующих гласных в аф­фиксах какого-либо слова предшествующим гласным корня того же слова. Таким образом, подавляющее большинство исконно казахских слов произносится либо твердо, либо мягко, а твердость или мягкость слогов и слов в целом обусловлены качеством гласного звука, например: бұ-за-қы-лар-ды, мін-дет-те-ме-лер-ді.

Буын үңдестігі

Сингармонизм, или гармония гласных

Жуан буын (твердый слог)

Жіңішке буын (мягкий слог)

1.Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буында жуан болады. Если начальный слог слова твердый, то и следующий слог твердый: на-ра-зы-лық, қа-рау.

2.Сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Если последний слог твердый, то присоединяемые аффиксы и окончания твердые: сотталушы-лар, бұй-рықтар.

Ескерту. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарамай, сол күйінде жалғанатьш қосымшалар.

1.Сөздің алгашқы буыны жіңішке болса, келесі буын да жіңішке болады. Если началь­ный слог слова мягкий, то и сле­дующий слог мягкий: тергеуші-лер, куәгер.

2. Сөздің соңгы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады. Если последний слог слова мягкий, то и присоединяемые аффиксы и окончания мягкие: заң-гер-лер, айып-кер-лер.

Примечание. Независимо от твердости или мягкости последне­го слога, последующие аффиксы и окончания присоединяются без изменения.

Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар

(Аффиксы, которые не подчиняются закону сингармонизма)

 

1.Көмектес септігінің жалғауы -мен (-бен, -пен):

1.Окончание творительного падежа  ен (-бен, -пен):

заң-мен, өтініш-пен, арыз-бен;

2. Қосымшалар:

2. Аффиксы:

а) -нікі (-дна, -тікі) ме-нікі, Канат-тікі, сіз-дікі.

 ә) -кер, -гер: қылмыс-кер, жауын-гер;

б) -паз: жағым-паз, ас-паз;

в)  -кеш: арба-кеш, өзіл-кеш;

г) -қор: пара-кор, жем-кор;

ғ) -қой: сән-қой, әуес-қой;

д) -хана: ас-хана, дәрі-хана.

3. Xәрпіне біткен сөздерге жалғанатын косымша әр уақытта жуан болады. Мысалы:

3. Если последний слог корня окан­чивается на х, то аффиксы и окан-чания принимают твердую огласовку.

тарих-та, тарих-тың, тарих-пен, тарих-қа.

Буын үндестігіне бағынбайтын кейбір сөздер

Некоторые слова, которые не подчиняются закону сингармонизма

а) Халықаралық сөздер (Интернациональные слова)

Алғашқы буыны жіңішке (Первый слог мягкий): генерал, лексика,  педагог, лейтенант, демагог, телевизор, дерматолог.

Алғашқы буыны жуан  (Первый слог твердый): газет, факультет,  пистолет,  ордер, портрет, браслет.

ә)Кірме сөздер (Заимствованные слова): емтихан, кітап, мұғалім, қызмет, қатер, қауіпті.

б)Біріккен сөздер (Сращенно-слитные слова): шекара, баспасөз, қыркүйек, кәсіпорын, әуежай.

Ескерту: Соңы -ог, -рк, -рг, -нк, -нг, -кс, -кт, -ск, -лк, -нкт, -кль, – фт, -брь, -бль сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жіңішке болады.

Примечание: Если последний слог основы заимствованных словзаканчивается на -ог, -рк, -рг, -нк, -нг, -кс, -кт, -ск, -лк, -нкт, -кль, – фт, -брь, -бль, то прибавляется мягкие суффикс и окончание. Например: парк-те, танк-і-ге, танк-те, Омск-і-де, ансамбль-мен.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий