0 комментариев

Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Мысалы: қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.

Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен. Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

1. Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Кездесетін орындары:
1. Сөз бен қосымша арасында: қашса (қашша).
2. Күрделі сөздерде: а) біріккен сөз: көзқарас (көзгарас); ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел); б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-гұрдас).
3. Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық).
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
1.Сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады. Мысалы, көл-дер, көл-ге, алма-дан, Арман-ға, Сәуле-ге.
2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы катаң дауыссыздан басталады. Мысалы, сынып-тар, кітап-тар, университет-те, сурет-ке, сұхбат-қа дайындалу.
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
1. (ш+с=шш): ашса (ашша), ішсін (ішшін).
2 . (п+б=пп): Жүсіпбек (Жүсіппек), алып бер (алып пер).
3. (дауысты дыбыс немесе үнді не ұяң+қатаң к,к = г,ғ): бара кел (бара гел), Ботакөз (Ботагөз).
2. Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.
Кездесетін орындары:
1. Түбір мен қосымша арасында: басшы (башшы).
2. Күрделі сөздерде:
а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді);
ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес);
б) қос сөз: астан-кестен (астан-кестен).
3. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ).
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары:
1) (қ, к, п + дауысты = ғ, г,б) бақ+ы=бағы, жүрек+і=жүрегі, доп+ым =добым.
2) (п+ып, іп = уып, уіп) тап+ып =тауып, сеп+іп =сеуіп.
Кейінді ықпалдың жазылуда ескерілмейтін орындары:
1. (н+ғ, г = ңғ, ңг), (н+к, к =ңк, ңк) Жанғали (Жаңғали), жан кайғы (жаң кайғы)
2. (с+ш =шш), (з+ш =шш), (з+с =сс) асшы (ашшы), көзсіз (көссіз), жазшы (жашшы)
3. (з+ж =жж) бозжорға (божжорға)
4. (н+б,в,п =мб, мв,мп) он бес (ом бес), Жанпейіс (Жампейіс)
5. Күрделі сөзде немесе сөз тіркесінде екі дауысты қатар келгенде, біріншісі түсіріліп айтылады. Мысалы, Сарыарка (Сарарка), келе алмайды (келалмайды).
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.
1. (с+ж =шш) Досжан (Дошшан), тасжол (ташшол)
2. (н+к, к =ңг, ңғ) Есен келді (Есең гелді), Жанқожа (Жаңғожа).

Изменен статус публикации
Добавить комментарий