0 комментариев

Орфография – дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығын қарастырады. Орфоэпия – дұрыс оқылу ережелерін қарастырады.Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады.Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында ерекшеліктер болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешеліктер болады:

а) дыбыс үндестігі, қатар келген яғни екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі;

ә) еріндік даыстылардың өзінен кейін келген езулік дауыстыларға әсер етуі;

Мысалы: көзілдірік (көзүлдүрүк), жұлын (жұлұн), қара ала (қарала), ақ ешкі (ағ ешкі).т.б.

Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:

  1. Фонетикалық принцип:

Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адам-дар, ағаш-тар, қарт-қа т.б.

  1. Дәстүрлі принцип:

Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады.Мысалы: айуан,хайуанат, Амангелді,Ботагөз, кәмпит, бәтеңке т.б.

  1. Морфологиялық принцип:

Біріккен сө, қос сөз сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады. Мысалы: шегара (шекара), жер- гөк (жер-көк),қоян-ғолтық (қоян-қолтық).т.б.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий