0 комментариев

Лексика көне гректің Lecikos (сөздік) деген сөзінен алынған. Лексика деген сөз -дүние жүзі халықтарына ортақ термин.

Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрамы деп те айтады.Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді де білдреді. Мәселен, С.Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. Сондай-ақ тілге шебер, тілі орамды адамдардың да “лексикасы бай адам” екен деушілік бар.

Лексиканы, сөз байлығын тексеретін ғылымды – лексикалогия, сөз мағынасын тексеретін ғылымд семасиология, ал сөздердің шығуын тексеретін ғылымды этимология дейді. Сөйтіп, лексикология ғылымы семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді.

Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізгі сөздік қор: адам, ай, күн, жер, су, от, ақ, қара, сары, он, бес, бару сияқты сөздер. Сөздік қор негізінде жасалған : бір, бірлік, бірегей, бірыңғай, бірдей, бір-бірінен, бірқыдыру; кірме сөздер: совет, колхоз, звено, ферма, комсомол, роман, поэма; көнерген сөздер: хат, патша, қазы, би, төре, сұлтан, бек, молда, садақ, қылыш; жаңа сөздер: химия, биология, физика, тіл білімі, бастауыш, баяндауыш; диалектизм; әйдік, әтешкүр, кереует, тонау, нән, пәс, пысқан, т.б сөздер сөздік құрамға жатады. Сөйтіп барлық сөздердің ұйытқысы болатын түбір сөздер сөздік қорға жатады. Мәселен, адам, ай, күн, жер, аспан, су тас, тау, ек, мен, сен, жер, тон, жүру, көру т.б. Бұлар сөддік құрамның ішіндегі ең тұрақты элементтері.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий