0 комментариев

Тілдегі табу сөздер сияқты эвфемизмдер де  сөзді  жұмсартып, ауыстырып қолданылатын сөздер. Яғни эвфемизм жаымсыз естілетін сөздерді сыпайы жеткізу. Мысалы: қосып айту, тұздап айту (өтірік айту)

Дисфемизмдер – кемітіп, қорлап жаратпай сөйлеу. Мысалы: боқмұрын (жас), қырт (сөзшең)

Эвфемизмнің ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш сөз екенін жете ұғындыру., дисфемизмнің қолданылу аясын түсіндіру.Оқушының ізденушілік қабілетін дамыту, сөздік қорларын толықтыру.Әдепті, сыпайы сөйлеуге баулу, тіл мәдениетін қалыптастыру.

  • Эвфемизмдер сыпайы сөйлеуді білдіреді. Эвфемизмдер ауыспалы мағынада қолданылады. Эвфемизмдер көбіне тұрақты тіркестер түрінде кездеседі. Ол – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш сөздер.
  • Дисфемизмдер-дөрекі сөздер, яғни әдепті сөздерді әдепсіз сөздермен ауыстырып айту. Бул да сөздерді ауыспалы мағынада қолданудың бір жолы. Көркем шығармаларда кейіпкерлердің тілінде кездеседі.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий