0 комментариев

Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін тілдегі сөздер тобының бірі – мақал-мәтелдер. мақал-мәтелдер бірнеше ғасырлар бойында жасалған, құрамындағы  сөздердің орны  әбден қалыптасып, тұрақтанған

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің орнын немесе сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбіне жай сөйлем болып құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.

 

МАҚАЛ МӘТЕЛ
Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Саяз су сарқырап ағады.

 

Бірлік болмай, тірлік болмас. Жеңілтектік жарға жығар.
Ұсталы ел озар,

Ұстасыз ел тозар.

Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

 

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Тәуекел кемесі суға батпайды.
Ұлдың ұяты – әкеге,

Қыздың ұяты – шешеге.

Сиырдың сүті тілінде.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий