0 комментариев

Диалект сөздер — белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.

       Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла — тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б.

   Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б.

Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий