0 комментариев

Заттың атын білдіретін, кім? не ? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер ЗАТ ЕСІМ деп аталады.

Зат есім – бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз. Зат есім -кім?-не?-кімдер?
-нелер? деген сұрақтарға, тәуелдік жалғауларының -кімің? -нең? -кімі? -несі? деген сұрақтарына және септік жалғауларының сұрақтарына жауап береді.
Кім? деген сұрақ тек адамға қатысты қойылады. Не? деген сұрақ басқа атаулардың барлығына қойылады.
(Имя существительное – обозначает название какого-либо предмета, явления. Отвечает на вопросы -кто? -что?, также на вопросы притяжательности и падежей. Вопрос –кто? применяется только по отношению к человеку, а вопрос -что? задается ко всем другим названиям и именам).

Зат есімнің лексикалық-семантикалық қатары
(Лексико-семантические разряды существительного)
1. Нақтылы (деректі) зат есім – көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауы.

(Конкретные имена существительные – название отдельных ощущаемых, видимых предметов).
Мысалы: мектеп, әріп, қала, Азамат, үй, қоян т.б.
2. Жалпылық (дерексіз) зат есім – көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын   заттар атауы. ( Абстрактные имена – отвлеченные понятия).

Мысалы:намыс,әдет,егемендік, мінез т.б.

3. Жалпы зат есім – бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы.
(Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов).
Мысалы: кітап, қалам, қоян, есік, шаш, қол, доп т.б.

4. Жалқы зат есім – адамның аты-жөні, бірыңғай заттың дараланған жеке атауы. Жалқы есімдер бас  әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге   жатып, барлық сөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады.

(Собственные имена – имена людей,отдельные названия общих наименований предметов.

Собственные имена пишутся с заглавной буквы. Названия высших государственных должностей  относятся к собственным именам и все слова в их составе пишутся с заглавной буквы. В названиях  общих должностей и в званиях с заглавной буквы пишутся только первые слова).

Мысалы: Абай, Құлагер, Еңбек Ері, Оқу министрі, Ғылым академиясы т.б.  Есте сақта. (Запомни).

Күрделі есім құрамындағы анықтауыш екінші сөз болып келсе, онда ол кіші әріппен жазылады.

(Определение, находящееся в составном имени на втором месте, пишется с маленькой буквы).
Мысалы: Баян сұлу, Ақан сері (бірақ, Ақсақ Темір, Жаяу Муса) т.б.

5. Жанды зат есім – тек адамға байланысты атаулар.
(Одушевленные имена – к ним относятся существительные, обозначающие людей).

6. Жансыз зат есім – адамдар атауынан басқа барлық заттың атауы.
(Неодушевленные имена – все прочие названия предметов, кроме людей.

7. Заттық зат есім – заттық ұғымның атауы. (Вещественные имена – названия веществ).

Мысалы: көмір, сүт, үн, мұнай т.б.

8. Жинақтау зат есім – бірыңғай заттардың жалпы атауы. (Собирательные имена – названия совокупных  однородных веществ). Мысалы: жастық, жан-жануар, туыс-бауыр т.б.

Зат есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки существительного)

I . Мағынасына қарай  (По значению)
1. Жалпы (Нарицательные)бала, адам, мектеп
2. Жалқы (Собственные) Марат, Алматы, Есіл

II. Тұлғасына қарай  (По способу образования)
1. Негізгі (Непроизводные)ел, жер, от, үй, су
2. Туынды (Производные)
білім, оқушы, балалық

III. Құрамына қарай  (По составу)

1. Дара (Простые)тарақ, ауыл, үстел, оқулық
2. Күрделі (Сложные
а) біріккен (сращенно-слитные) белбеу, Ақсу, орынбасар
ә) қосарлы (парные)ата-ана, ел-жұрт, аяқ киім,
б) тіркесті (словосочетания)сары май, ҚазМУ, см
в) қысқарған (сложносокращенные)

Зат есімнің морфологиялық белгілері
(Морфологические признаки существительного)

Зат есімнің морфологиялық белгілеріне оның тұлғасы мен қосымшалары жатады.
Тұлғалық құрамы бойынша негізгі түбірлі зат есім және туынды түбірлі зат есім болады.
(К морфологическим признакам существительного относятся его форма и аффиксы. По морфологическому способу образованию бывают непроизводные существительные и производные существительные).
Мысалы: Негізгі – ел, жер, су, от, қала, бала т.б. Туынды – бала+лық, біл+ім, айт+ыс, мал+шы т.б.
Бұларды жалаң зат есім дейді. (Их называют простые имена существительные).
Күрделі зат есімдер – екі не одан да көп түбірден құралған туынды зат есімдер.
(Сложные имена существительные – производные имена, состоящие из двух и более корней).
1. Біріккен зат есім (сложные) – қара+қат, бел+беу, қол+ғанат, шек+ара, бәйтерек т.б.
2. Қосарланған зат есім (парные)– ата-ана, бала-шаға, ұрыс-керіс, ел-жұрт, тамыр-таныс т.б.
3. Тіркескен зат есім(составные)– аяқ киім, ауыл шаруашылығы, сары май, күн тәртібі т.б.
4. Қысқарған зат есім (сокращенные) – ҚР, ҚазМИ, АҚШ, пединститут, әуежай, саяжай, атком т.б.

Зат есім тудыратын жұрнақтар (Суффиксы, образующие имя существительное)

Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие существительные от имен) – -шы-ші-
-лық-лік-
-дық-дік-
-тық-тік-
-шылық-шілік-
-шақ-шек-
-ша-ше-
-лас-лес-
-дас-дес-
-тас-тес
-стан-хана-
Пример:
қой+шы, әдебиет+ші
бала+лық, кісі+лік
аз+дық, жеңіл+дік
дос+тық, көп+тік
жұрт+шылық, кем+шілік
мон+шақ, түйме+шек
маңдай+ша, күл+ше
ұя+лас, пікір+лес
жол+дас, күн+дес
табақ+тас, әріп+тес
Қазақ+стан, дәрі+хана

Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие имя существительное от глаголов)

ма-ме-
-ба-бе-
-па-пе-
-ым-ім-м-
-ыс-іс-с-
-к-қ-ік-ық-ек-ақ-
-қыш-ғыш-
-қаш-ғаш-қыш-ғыш-кіш-гіш
-ыш-іш-
-ын-ін-
-уыш-уіш-
-ман-мен-
-у-
-қы-кі-ғы-гі-
-қын-кін-ғын-гін-
-мақ-мек-пақ-пек-
-ашақ-ешек-

Примеры:

аялда+ма, тер+ме
тұн+ба, мін+бе
қос+па, кес+пе
байла+м, біл+ім, ки+ім
ұр+ыс, күйзел+іс, шайқа+с
сұра+қ, күре+к, сыз+ық
жап+қыш, қыр+ғыш
қыс+қаш, сүз+гіш, бас+қыш
қуан+ыш, өкін+іш
жау+ын, ег+ін,жи+ын
еле+уіш, тырна+уыш
оқыр+ман, көрер+мен
еге+у, жалға+у,сұра+у
бұр+ғы, кер+гі, шал+ғы
ұш+қын, тіз+гін, көш+кін
құй+мақ, іл+мек, піс+пек
бер+ешек, ал+ашақ

Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары
(Суффиксы, изменяющие   смысловое значение  существительных)

– й –
– еке – ке – қа – а- е –
– тай –
– жан –
– қан-кен-қай-кей-ан-ң-
– шақ – шек –
– шық – шік –
– ша – ше –
– ш – ыш – іш –
– сымақ – екеш –

Примеры:

аға+й, әке+й, шеше+й
ағ+еке, Мұ+қа, Жә+ке
аға+тай, әке+тай, апа+тай
аға+жан, әке+жан, апа+жан
бала+қай, шеше+кей
құлын+шақ, іні+шек
қап+шық, төбе+шік
сандық+ша, күрек+ше
қалқа+ш, Нұр+ыш (Нұртай)
бастық+сымақ, тас+ екеш

Зат есімнің 3 түрлі грамматикалық категориялары бар.
(У имени существительного есть 3 грамматических категорий).

1. Жекелік және көптік категориясы (категория мн.числа и лица).
2. Тәуелдік категориясы (категория принадлежности).
3. Септік категориясы (категория падежа).
Мысалы: бала+лар+ы+мен т.б.
Зат есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
(Синтаксическая роль существительного в предложении)

Зат есім сөйлем ішінде бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш бола алады.

1. Бастауыш – зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады.
(основная грамматическая форма подлежащего – именительный падеж)
Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.).- не? Бастауыш.

2.Толықтауыш – зат есім атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында болады.
(существительное имеет грамматические формы всех падежей, кроме
именительного и родительного, являясь дополнением)
Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан (С.С.).- нені? Толықтауыш.

3. Анықтауыш – зат есім ілік септігінде тұрып, өзінен кейінгі сөзді айқындап, анықтауыш болады.
(существительное находится в родительном падеже и , являясь определением,
уточняет последующее слово)
Мысалы: Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған (С.Б.).- қандай? Анықтауыш.

4. Пысықтауыш – зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші
есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.
(существительное находится в дательном, местном, исходном, инструментальном
падежах или сочетается со служебными именами, послелогами, являясь
обстоятельством)
Мысалы: Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.).- қайда? Пысықтауыш

5. Баяндауыш – зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде болып, баяндауыш болады.
(существительные имея личные окончания или находясь в именительном падеже,   являютя сказуемым)
Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.).- кімімін? Баяндауыш.  Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз. – не?

КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)

КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)
Көмекші есімдер – лексикалық мағынасы солғындау, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысады, яғни негізгі есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді.
Көмекші есім зат есім секілді көптеледі,тәуелденеді, септеледі. Септелгенде олар тәуелдік жалғауын жалғап барып септеледі. Көмекші есімдер қосарланып та келеді. Негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады.
(Служебные имена – имена, частично сохранившие лексическое значение, выполняющие роль вспомогательных слов в сочетании со словами с полным лексическим значением. Служебные имена сочетаются с именами в родительном падеже, то есть непроизводные имена имеют окончания родительного падежа, а служебные имена – притяжательные окончания. Служебные имена как и имена существительные могут иметь форму единственного и множественного числа, образуют формы принадлежности и изменяются по падежам. По падежам они изменяются в форме принадлежности. Встречаются и парные служебные имена. В сочетании с производными именами служебные имена в основном выступают в качестве сложных объстоятельств).
Жиі қалданылатын көмекші есімдер (часто используемые служебные имена): алды, арты, үсті, шеті, басы, айналасы, іші, беті, сырты, бойы, маңы, төңірегі, жағы, тұсы, арасы, асты, қасы, жаны, түбі, ортасы, жағасы, жүзі, қыры, маңайы, жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы т.б.
Мысалы: үйдің сырты, үйімнің қасында, үйіңіздің жанында, баланың қасы, столдың асты, елдің арасында, жол үсті, есік алды, жер асты.(около дома, под столом, среди людей и т.д).
Көмекші есімнің септелуі (изменение служебных имен по падежам)
А.с. сырты, үстім
І. с. сыртының, үстімнің
Б.с. сыртына, үстіме
Т.с. сыртын, үстімді
Ж.с. сыртында, үстімде
Ш.с. сыртыңнан, үстімнен
К.с. сыртымен, үстімен

Зат есімді морфологиялық талдау үлгісі
(Пример морфологического разбора имени существительного)
Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. (Ы.Алтынсарин).
өнер-білім – қосарланған жалпы есім, тұбір тұлға
жұрттар – түбірі –жұрт, жалпы есім, -тар – көптік жалғау, атау тұлғада, бастауыш, сұрағы-кімдер?
тастан – жалпы есім, түбірі – тас -, – тан – шығыс септік жалғауы, толықтауыш, сұрағы – неден?
сарай – жалпы есім, негізгі түбір, табыс септік жалғауы –ды- жасырын тұр, толықтауыш, сұрағы –нені?

Изменен статус публикации
Добавить комментарий