0 комментариев

Сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін етістік түрі  РАЙ деп аталады. Қимылдың болмысқа қатысы туралы  сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіретін рай түрлері  төртке бөлінеді. Олар: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай.

Мысалы:

Ашық рай: мен келдім, мен келемін, ол жейтін
Бұйрық рай: мен келейін, сен бар, сіз алыңыз, ол айтсын
Шартты рай: мен сабақ оқысам,бес аламын
Қалау рай:  біздің сабақ оқығымыз келеді; оқығайсыз; ол барса игі еді.

  • Рай түрлері
  • Жасалу жолдары
  • Мысалдар
  • 1.Ашық рай
  • 2.Бұйрық рай
  • 3.Шартты рай
  • 4.Қалау рай
  • Іс-қимылдың қай жақта,қай шақта тұрғаны ашық айтылады.
  • Үнемі ІІ,ІІІ жақта бұйрық мәнде беріледі.
  • -са,се жұрнағы арқылы жасалады.
  • -қы,-кі,-ғы,-гі;-са,-се жұрнағына игі еді тіркеседі;
  • -қай,-кей,-ғай,-гей.
  • Отырмын,жазып отырсың,алды,айттыңыз,
  • келерсіздер.
  • Отыр,ал,алдыр,алсын,
  • айт,айтсын,келіңдер,кел.
  • Отырса,жазса,алса,
  • айтса,келсе,болса.
  • Отырғым келеді;
  • барса игі еді; келгей,
  • көргей,білгей,айтқай.
  • Ашық рай – үш шақта тұратын етістіктер.
  • Мысалы: жазып отырмын, жаздым, жазамын.
  • Бұйрық рай етістікке-айын,-ейін,-ыңыз,-іңіз,-сын,-сін,-айық,-ейік,-ыңыздар,
  • -іңіздер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады.
  • Мысалы: барайын, кел, айтсын, оқыңыз.

Шартты рай – түбір + ca, се + жіктік жалғау.

  • Шартты рай – түбір + ca, се + жіктік жалғау.
  • Мысалы: көрсем, барсаң, айтсаңыз, жүрсе.
  • Қалау рай – түбір + қы, кі, ғы, гі + жіктік жалғау + кел.
  • Мысалы: тойлағым келеді, барғың келеді.
Тағы бірнеше мысал:

Етістік райлары (Наклонения глаголов):

      1. Ашық
      2. Бұйрық (повелительное)
I жақ: Мен Түбір + айын, ейін Біз Түбір + айық, ейік
II жақ: Сен Түбір Сендер Түбір + ыңдар, іңдер
Сіз Түбір + ыңыз,іңіз Сіздер Түбір + ыңыздар, іңіздер
III жақ: Ол Түбір + сын, сін Олар Түбір + сын, сін

Мысалы (Пример разбора):

I жақ: Мен барайын Біз барайық
II жақ: Сен бар Сендер барыңдар
Сіз барыңыз Сіздер барыңыздар
III жақ: Ол барсын Олар барсын
      1. Шартты (условное)
      2. Түбір + са/се + Ж.Ж.

Мысалы (Пример разбора):

I жақ: Мен барсам Біз барсақ
II жақ: Сен барсаң Сендер барсаңдар
Сіз барсаңыз Сіздер барсаңыздар
III жақ: Ол барса Олар барса
      1. Қалау (желательное)
      2. Түбір + ғы/гі, қы/кі + Т.Ж.

Мысалы (Пример разбора):

I жақ: Менің барғым келеді Біздің барғымыз келеді
II жақ: Сенің барғың келеді Сендердің барғыларың келеді
Сіздің барғыңыз келеді Сіздердің барғыларыңыз келеді
III жақ: Оның барғысы келеді Олардың барғылары келеді

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий