Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?
Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.
Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш; 2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.
Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі
Пысықтауыштың түрлері |
Мысалдар |
Дара пысықтауыш |
Алыстан бірнеше салт атты көрінді.
|
Күрделі пысықтауыш |
Тілек досына көмектесу үшінерте келді.
|
Үйірлі пысықтауыш |
Ит жоқта қораға шошқа үреді.
|
Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
Пысықтауыштың мағыналық түрлері |
Сұрақтары |
Мысалдар |
Мезгіл пысықтауыш | Қашан? Қай кезде?
Қай уақытта? |
Жолаушылар кешкеқарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді. |
Мекен пысықтауыш |
Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? |
Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыданбір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді. |
Мақсат пысықтауыш | Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? |
Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды. |
Амал пысықтауыш | Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? |
Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлшасайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр. |
Себеп пысықтауыш |
Неліктен? Не себепті? |
Жұмысты бітірмегендіктенуақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді. |
Мөлшер пысықтауыш | Қанша? Қалай? |
Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппайорындады. |