Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі |
Мысалдар |
Дара бастауыш |
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
|
Күрделі бастауыш |
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
|
Үйірлі бастауыш |
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын. Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы. |
Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
Сөз табы |
Мысалдар |
Зат есім |
Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады. |
Сын есім |
Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты. |
Сан есім |
Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді. |
Есімдік |
Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды. |
Есімше тұлғалы етістік |
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?)қалар ұятқа. |
Тұйық етістік |
Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі. |
Одағай |
Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті. |
Үстеу |
Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес. |
Еліктеу сөз |
Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады. |