0 комментариев

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.

Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.

Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.

Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңқалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына

қарай бөлінуі

Мысалдар

Дара

Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.

Күрделі

Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.

Үйірлі

Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.

Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.

Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.

 

Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.

Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі

Сөз табы

Мысалдар

Етістіктер

Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.

Сын есімдер

Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.

Зат есімдер

Бүгінгі жастар – бақытты жастар.

Сан есімдер

Төрт жерде төрт – он алты.

Есімдіктер

Мәдениет сарайы – анау.

Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз

Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай бастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.

1. Бастауыш пен баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбел мен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек етубасты парыз. Әр баланың міндетіата-анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынан ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрместүйені де көрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырмабеске бөлінеді.

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бір. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.

Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий