0 комментариев

Аллаһу та’алаға және ахиретке сенбейтін, ешбір дінді қабыл етпейтін, уақыт шексіз және дүниенің басы мен соңы жоқ, осындай болған осындай болып жалғаса береді дейтін, дінсіз адам.

«Жамандықтардың ең жаманы – Аллаһу та’алаға сенбеу (атеист болу)». (Хадис шәриф – Бәриқа) Атеисттер Аллаһу та’алаға сенбейді. “Барлық нәрсе табиғаттың заңдылығымен бар болуда. Жаратушы жоқ. Уақыт өткен сайын барлық нәрсе өздігінен өзгеруде” дейді. (Сәйид Шәриф Журжани) Кітаптарында дінмен күрескен және “Діндерді жою – материализмнің, марксизмнің әліппесі” деген Ленин билікке қол жеткізгеннен кейін Ресейде атеисттер одағын құрған.

(Садәти Әбәдийа) Өздерін ақылды, білімді және қателеспейтін адам сияқты санаған дінсіздер үш түрлі болады: 1) Атеисттер. 2) Барлық нәрсені табиғат жасайды дейтін табиғишылар. 3) Грек пәлсапашылары, Сократ пен шәкірті Платон және оның шәкірті Аристотельдің жолында болғандар. (Имам Ғазали)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий