0 комментариев

Нәзір ету, Аллаһу та’аланың разылығына қауышу немесе бір қалауының орындалуы немесе бір бәленің, қиыншылықтың кетуі мақсатында Аллаһу та’ала үшін ораза тұту, құрбандық шалу сияқты жеке басына ғибадат болған немесе соған ұқсаған нәрсені өзіне уәжіп деп қабылдау.

(Нәзір бөлімін қараңыз) Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Атағандарын (нәзірлерін) орындасын.» (Хаж сүресі 29) Атау ғибадат. Аллаһ үшін жасалады. Құл үшін жасалмайды. Аталған нәрсенің парыз немесе уәжіп болған бір ғибадатқа ұқсауы немесе жеке басына (толыққанды) ғибадат болуы керек. Намаз, ораза, қажылыққа бару, құл азат ету т.б. ғибадаттарды атауға болады.

Дәрет алу, өліні кебіндеу, азан оқу, мектеп және мешіт салу сияқты ғибадаттар жеке басына ғибадат болмағандықтан (бір ғибадаттың бөлшегі болғандықтан) бұларды атауға (нәзір етуге) болмайды. Атау екі түрлі болады: 1) Мутлақ атау: Аллаһу та’ала үшін бір жыл ораза тұтамын деу сияқты. Ойланбастан, сөз арасында аузынан шыққан болса да орындау уәжіп болады.

2) Шартқа байланысты атау: Ауруым жазылса Аллаһ үшін пәлен мөлшерде садақа беремін, сауабын мысалыға Сәйид Ахмед Бәдәуи хазреттеріне бағыштау нәзірім, атағаным болсын деу сияқты. Ауру жазылғаннан кейін бұларды орындау қажет болады. Атауды орындау уәжіп. Парыз болады деген ғалымдар да бар. (Ибн Абидин)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий