0 комментариев

Адамның өлімімен басталатын мәңгі (шексіз) өмір. Ахиретке иман, сенілуі қажетті алты шарттың бесіншісі.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ал кім мумин күйінде ахиретті (жаннатты) қалап және сол үшін қажетті түрде талпынатын болса (дінге мойынсұнса), міне солардың талпыныстары қабыл болады.» (Исра сүресі 19)  «Дүние үшін дүниеде қалатыныңдай еңбек ет! Ахирет үшін ол жақта мәңгі қалатыныңдай еңбек ет! Аллаһу та’алаға мұқтаж болғаныңдай мойынсұн! Тозаққа шыдай алатыныңдай күнә жаса!» (Хадис шәриф – Әйухал уәләд) Сендерден бұрынғылар ахирет істерімен шұғылданып, тек артылған уақытты ғана дүниелік істерге жұмсайтын.

Ал сендер болса тек дүниелік істермен шұғылданып, уақыт қалса ғана ахирет істерін орындаудасыңдар. (Аун бин Абдуллаһ) Ахиретті ойлау ақылдылықтың белгісі, көңілдің жандылығы. (Әбу Сүлейман Дарани) Бір көңілде ахиретке деген қалау көбейген сайын, дүниелікке деген ойы ол көңілден жоғалады. (Әли Музәййан) Аллаһу та’ала білдірген ахиреттің бір күні дүниенің мың күніне тең. Бұлай екендігі Хаж сүресінде ашық білдірілген. Неліктен мұнша мерзім екендігін тек Аллаһу та’ала біледі. Өйткені ахиретте дүниедегі түндермен күндіз, ай және жыл жоқ. (Мектубат – Имам Раббани)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий