0 комментариев

Құран кәрімнің қырық алтыншы сүресі. Ахқаф сүресі, Мекке-и мукаррамада түсті. Отыз бес аят. Жиырма бірінші аяти кәримада өткен Ахқаф сөзі сүреге есім болған. Ахқаф ұзын және биік құм төбешігі дегенді білдіреді.

Сүреде аты өткен Ахқаф, Арабстанның оңтүстігінде Умман және Мәхре арасындағы құмдық аймақ. Бұл жөнінде басқа риуаяттар да бар.

Хұд алейһиссалам Ад қауымын осы жерде иманға шақырды. Сүреде Аллаһу та’аланың бір екендігінің дәлелдері, жаман болған (Аллаһу та’алаға ширк (серік) қосудың) дұрыс еместігі білдірілуде, сенгендердің Аллаһу та’аладан қорқып күнәлардан сақтанғандардың көп сияпаттарға қауыштатындығы сүйіншіленуде, мүминдердің мойындарына әке-шешелеріне жақсы мәміледе болу жүктелгендігі, дүниенің фәни (өткіншіл) ләззаттарына тұтылудың дұрыс еместігі түсіндірілуде, Ад қауымының қиссасы және Хұд алейһиссаламға сенбей, оған қарсы шығулары нәтижесінде ауыр азабтарға душар болғандықтары хабар берілуде және басқа да тақырыптар айтылуда. (Абдуллаһ ибн Аббас, Сәнауллаһ Дәхләуи) Құран кәрімде Ахқаф сүресінде былай делінеді: «“Раббымыз Аллаһ” деп, кейін осы жолдан айнымағандарға (иә) оларға (қиямет күні) қорқыныш жоқ. Олар (өлерінде) қайғылы болмайды.» (13-ші аят) «Әлі де мына ақиқатты білмеді ме, көктерді және жерді қиыншылықсыз, қымсынбай жаратқан Аллаһу та’ала өлілерді де тірілтуге құдіретті.

Иә Ол, барлық нәрсеге құдіретті, күші жетуші.» (33-ші аят) «(Хабибім) Улул-азм пайғамбарлардың сабыр еткендеріндей сен де сабыр ет! Оларға азап берілуіне дұға етуге асықпа.» (35-ші аят) «Кімде кім Ахқаф сүресін оқитын болса, ол үшін дүниедегі құмдардың әр біріне келетін он сауаптан жазылады.» (Халдис шәриф – Әнуарут-тәнзил уә Әсрарут-тәуил)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий