0 комментариев

Құран кәрімнің отыз үшінші аяты. Ахзаб сүресі Мәдина-и мунаууарада түскен. Жетпіс үш аяти кәримадан тұрады.

Сүре есімі бірлескен дұшпан әскері деген мағынаны білдіретін ахзаб сөзінен алынған. Сүреде Ислам дұшпандарының Исламға қарсы әрекет еткендері және соңында жеңіліске ұшырағандары, пайғамбарымызға және муминдерге жәбір көрсеткендердің ауыр азапқа душар болатынын, расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк жұбайларының және басқа да мұсылман әйелдерінің тәсәттур ететінін (оранатынын), кәпірлердің ахиретте ауыр азап көретінін және қатты өкінетінін, мүминдердің өз мойындарына түскен міндеттерін орындаса, тақуалықты ұстанып күнәлардан сақтанатын болса өте көп ихсандарға қауышатындары түсіндірілуде. (Ибн Аббас Бәғауи, Рази) Ахзаб сүресінде былай делінеді: «Ей иман келтіргендер! Аллаһу та’аланы көп зікір етіңдер, әрқашан еске алыңдар, еш ұмытпаңдар…» (41-ші аят) «Ей Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мұсылмандардың әйелдеріне (сыртқа шығарда) үстеріне сырт киімдерін киюлерін айт…» (59-шы аят) «Кімде кім Ахзаб сүресін оқып және жанұясына және жариясына үйретсе қабір азабынан құтылады.» (Халдис шәриф – Әнуарут-тәнзил уә Әсрарут-тәуил)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий