0 комментариев

Құран кәрімнің сексен жетінші сүресі. Аъла сүресі Мекке-и мукаррамада түсті. Он тоғыз аяти кәримадан құралған. Бірінші аяти кәримада өткен ең үстем, ең ұлы деген мағынаны білдіретін “Аъла” сөзі сүреге есім болған.

Сүреде Аллаһу та’аланы әр түрлі кемшілік сипаттардан пәк, нұқсандықтардан ұзақ деп қабылдау керектігі, расулуллаһтың насихаттарынан кімдердің пайдаланып құтылатыны, ал кімдердің пайдалана алмай азапқа ұшырайтындығы, адамдардың дүние өмірін таңдағандары, ал негізінде ахиреттің дүниеден де қайырлы екендігі, өйткені дүниенің өткіншіл екендігі, ал ахиреттің мәңгі екендігі және басқа да жайттар баяндалуда.

(Ибн Аббас, Қуртуби) Аъла сүресінің бірінші аяти кәримасында былай делінеді: «Раббыңның ол ұлы есімін тәсбих ет (Оның затында, сипаттарында және есімдерінде Оған лайық болмаған барлық нәрседен муназзах (ұзақ, таза) екендігіне сен.

Оның атын басқаға берме.)» «(Хабибім) Сен енді (пайда берсін, бермесін) адамдарға үгіт-насихат бер. Аллаһу та’аладан қорқатын адам насихатты, үгітті тыңдайды (одан пайдаланады). Өте пасық және бейбақ болған адам бұл насихаттардан қашады. Ол жаһаннам отына кіреді.» (9-12-ші аяттар) «Бәлкім сендер (ахиреттің орнына) дүние өмірін таңдарсыңдар. Ал негізінде ахирет одан да қаырлы және тұрақты.» (16, 17- аяттар)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий