0 комментариев

Құран кәрімнің үшінші сүресі. Али Имран сүресі, Мәдина-и мунаууарада түсті. Екі жүз аяти кәримадан тұрады.

Отыз үшінші аяти кәримада өткен Али Имран сөзі сүреге есім болған. Сүреде Аллаһу та’аланың бір екендігі, үстем сипаттары білдірілуде, бүкіл пайғамбарларды растау әмір етілуде, олардың барлығының Аллаһу та’аланың құлдары екендігі, кейбірін мойындамаудың немесе кейбірін илаһ (құдай) деп танудың қате екендігі білдірілуде, мұсылмандарға Аллаһу та’аланың материалдық және рухани ихсандарын естеріне салып, хикметке байланысты уақыт уақытымен бастарына түскен қиыншылықтарға, машақаттарға сабыр етулеріне кеңес берілуде және басқа да жайттар баяндалуда. (Ибн Аббас, Қуртуби) Али Имран сүресінде былай делінеді: «Раббыларыңнан кешірім тілеуге және жаннатты сұрауға асығыңдар. Осы жолда еңбектеңідер.

Жаннаттың үлкендігі көктер мен жердей. Жаннат Аллаһу та’аладан қорқатындар үшін дайындалды. Бұлар аз болса да мал-мүліктерін  Аллаһ жолында береді. Ашуларын белгілі етпейді. Адамдарды кешіреді. Аллаһу та’ала жақсылық еткендерді жақсы көреді.» (133, 134-ші аяттар) «Қиямет күнінде Құран кәрім және онымен амал еткендер әкелінеді.

Құран кәрімнің алдында (ең ұзын және ең көп үкімді болғандары үшін) Бақара және Али Имран сүрелері болады. Бұл екі сүре екі бұлттай немесе араларында нұр тұрған екі қара көлеңкедей немесе иелерін қолдап сап түзеп ұшқан екі құс жиынтығындай болады.» (Хадис шәриф – Мүслим)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий