0 комментариев

Аллаһу та’аладан қате және кемшіліктерімді кешіруін тілеймін деген мағынадағы мүбәрәк сөз.

Бүкіл істерде және халдерде истиғфарды (Аллаһу та’аладан кешірілуін сұрауды) қолдан жібермеу керек. Истиғфар айтқанда сәйидул-истиғфар деп аталатын истиғфарды айту керек: «Әстағфируллаһәлазыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййул қаййум уә әтубу иләйһ» (Мағынасы: Одан басқа тәңір болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаһқа күнәларымды кешіруін тілеймін және Оған тәубе етемін).

(Юсуф Синануддин)             Істеген күнәсына өкінбестен және бұл күнәны қайталап істемеуге бел байламастан әстағфируллаһ демеңдер. Өйткені бұл күнә және өтірік болады. (А. Наблуси)             Таңертең және кешке истиғфар айтуды әдетке айналдыру керек. Кімде-кім жиырма бес рет Әстағфируллаһ десе, үйінде, жанұясында, қаласында, ауданында жаман іс ол адам тарапынан көрілмейді. (Имам Раббани)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий