0 комментариев

Ақидада (сенімде, сенілетін нәрселерде) және жасалатын істерде пайғамбарымыздың  және оның сахабаларының және олардан кейін келген мүжтәһид ислам ғалымдарының жолында болған яғни төрт мазһабтың (Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели) бірінде болған мұсылмандар сүннилер немесе әһли сүннет жолындағылар деп аталады.

Пайғамбарымыз үмметінің басына келетіндерді білдіріп жатып: «Исраил ұлдары 72 топқа бөлінді. Үмбетім де 73 топқа бөлінеді. Олардың ішінен 72-сі тозаққа барады, тек бір топ қана құтылады.» деді. Сахабалар мұны естігенде “Ол қай топ?” деп сұрады, сонда пайғамбарымыз «Бұл топтағылар менің және сахабаларымның жолымен жүргендер!» деп бұйырды. Ислам ғалымдары бір ауыздан бұл құтылатын топтың “Әһли сүннет” екендігін білдірген.

(Абдулхақ Дәхләуи, Имам Раббани) Әһли сүннет болғандар бүгін төрт мазһабта жиналған. Бұл төрт мазһаб Ханафи, Малики, Шафии, Ханбели мазһабтары. (Тахтауи) Әһли бәйтті (пайғамбарымыздың тегінен келгендерді, ұрпақтарын) жақсы көру, әһли сүннеттің қазынасы. (Абдулхаким Аруаси) Әһли сүннетке мойынсұнбастан құтылу жоқ. (Имам Раббани)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий