0 комментариев

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның бүкіл жанұя мүшелері. Мүбәрәк жұбайлары, балалары, қызы хазреті Фатимамен хазреті Әли және бұлардың балалары хазреті Хасан мен хазреті Хусейннен қияметке дейін келетін ұрпақтары.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ей Хабибімнің әһли бәйті! Аллаһу та’ала сендердің күнәдан ұзақ болуларыңды қалайды.» (Ахзаб сүресі 33) «Әһли бәйтім, Нұхтың (алейһиссалам) кемесі секілді. Мінген құтылады, мінбеген тұншығады.» (Хадис шәриф – Жамиус-Сағир-Мүстәдрәк) «Сырат көпірінен аяғы таймай өтетіндер, әһли бәйтімді және сахабаларымды қатты жақсы көретіндер.» (Хадис шәриф – Рәсаили Ибн Абидин) “Заһир және батин ілімдерінде, яғни көңіл ілімдерінде үлкен ғұлама болған әкем, әрқашан әһли бәйтті жақсы көруді көп айтып насихаттайтын. Бұл сүйіспеншіліктің соңғы демде иманмен кетуге көп көмегі тиеді деп айтатын. Әһли бәйтті жақсы көру, әһли сүннеттің қазынасы. Ахирет табыстарын үнемі осы қазына алып келеді.” (Имам Раббани)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий