0 комментариев

Құран кәрімнің алтыншы сүресі. “Әнам сүресі Меккеде түсті. Жүз алпыс бес аяти кәримадан тұрады. Түйе, қой, сиыр сияқты жануарларға әнам делінеді.

Аллаһу та’ала бұларды және басқа да көптеген жануарларды адамдардың пайдалануы үшін жаратқанымен, сенбейтіндердің әлсіз махлұқтардан болған бұл жануарлардың бір бөлігіне табынулары баяндалғандықтан сүреге осы есім қойылған.

Әнам сүресінде Ислам дінінің иман негіздері, дүние өмірінің фәни (өткіншіл) екендігі, ойын-сауықтан тұратыны, ахиреттің одан да қайырлы екендігі, хазреті Ибраһимнің өгей әкесі және қауымымен болған күресі, хазреті Исхақ, Яқуб, Дауд, Сүлейман, Әйюб, Юсуф, Мұса, Харун, Зәкәрийә, Яхия, Иса, Ілияс, Исмаил, Әлйаса, Юнус және Лут алейһимуссаламның үстемдіктері, Аллаһу та’аланың аты аталмай (бисмилләһ айтылмай) сойылған малдың етін жемеу, күнәдан сақтану, Аллаһқа ортақ (серік) қоспау, ата-анаға жақсылық жасау, жетімнің малын жемеу, таразы және өлшеу құралдарын дұрыс, кемшіліксіз қолдану сияқты үкімдер білдірілуде.”

(Сәнауллаһ Дәһләуи, Ибн Аббас) Әнам сүресінде былай делінеді: «Дүние өмірі ойын және бос нәрселерден тұрады. Аллаһтан қорққандар үшін ахирет өмірі әлбетте қайырлы. Мұны неге түсінбейсіңдер?» (32-ші аят) «Ғайбтарды тек Аллаһу та’ала біледі. Одан басқа ешкім білмейді.» (59-шы аят) «Иман келтріп, имандарына ширк (Аллаһу та’алаға серік қосуды) араластырмағандар, міне бұлар азаптан амандықта болып, дұрыс жолды тапқандар.» (82-ші аят) «Ашық түрде де жасырын түрде де күнлардан сақтаныңдар.» (120-шы аят) «Кімде кім Әнам сүресін түнде және күндіз оқитын болса, жетпіс мың періште оған салат (истиғфар) етеді және ол үшін кешірім тілейді.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий