0 комментариев

Құран кәрімнің сегізінші сүресі. Мәдина мунаууарада Бәдір соғысынан кейін түсті. Жетпіс бес аяти кәримадан тұрады. Сүре есімі, бірінші аятта өткен әнфәл сөзінен алынған.

Бұл сүредегі басты тақырыптар: Бәдір шайқасынан қолға түскен ғаниметтің (олжаның) таратылуы жайындағы әмірлер, пайғамбарымыз алейһиссалам және басқа пайғамбарларға қатысты кейбірмәселелер.

(Сәнауллаһ Дәхләуи, Ибн Аббас) Әнфәл сүресінде Аллаһу та’ала былай дейді: «Иманы кәміл болған мұсылмандар мыналар, Аллаһу та’аланы еске алған кезде Оның ұлылығынан жүректері дірілдеп үрейге толады. Аяттарды оқығанда(бұл) олардың имандарын арттырады. Тек Раббыларына тәуекел етеді, сенеді.» (2-ші аят) «Кімде кім Әнфал және Бәрәа сүрелерін оқыса, қиямет күні мен оған шапағат етемін және оның екіжүзділіктен құтылғандығына куәлік етемін.» (Хадис шәриф – Әнуарут-Тәнзил)

Изменен статус публикации
Добавить комментарий