0 комментариев
Жалпылауыш сөздер— бір тектес аттар мен құбылыстарды толық қамтып, жинақтай айту үшін жұмсалатын жалпылау мағыналы сөздер. Бұлар әдетте бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылады. Ж. с. кызметін жалпылау есімдіктері (бәрі, барлық, бүкіл, күллі, түгел), сілтеу есімдіктері (мыналар, осылар), жинақтау сан есімдері (үшеуі, бесеуі) және жалпылау мәні бар зат есімдер атқарады. Мысалы, : пайда, мақтан – бәрі тұл (Абай). Бес қарудан — қолында найзасы мен қалқаны, белінде алдаспаны, тақымында бір құлаштай қатқан қара шоқпары бар (қараңыз Жұмаділов).[1]

Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.
Жалпылауыш мүше қызметінде жеке сөз де, сөз тіркесі де жұмсала береді. Жалпылауыш мүше қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері, жинақтық сан есім, зат есім қолданылады. Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос нүкте қойылады. Егер бірыңғай мүшелерден соң келсе, оның алдына тире қойылады.
Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері 

Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау,
оның  мәнін  ашып,  тұжырымдау  мақсатында  қолданылатын,  олар
сияқты  бір  ғана  сұраққа  жауап  беріп,  бір  сөйлем  мүшесі  болатын
сөздер.  Оған,  негізінен,  жалпылау  есімдіктері,  сан  және  сын  есімдер
т.б. жатады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий