0 комментариев

 

Кетік-кетік, кекшебай,

Талқаныңды екше, бай!
Тауға барып тары же,
Тауыспасаң, тағы же!

Асаубайға әрдайым,
Тамақ дайын, нан дайын.
Жей береді талғамай,
Айнымаған комбайн.
Іс істеуді білмеген,
Жалқау бала бұл деген.
Семіздігі шіркіннің,
Шар сияқты үрлеген.

 

Ашқарақ-ау, ашқарақ,
Тамақ жеуің масқара-ақ,
Қанша ішсең де тоймайсың,
Енді қалай ойнайсың?..

* * *
Айтқан тілді алмаған,
Бар дегенге бармаған.
Бір бала бар тілазар,
Тамақ десе қалмаған.

 

Асқа дайын – еміншек,
Іске дайын телімсек,
Жарымаған өмірде,
Жарым адам – еріншек

 

Әй, мақтаншақ, мақтаншақ,
Оянғаннан жатқанша,
Жатқаннан таң атқанша,
Мақтанасың, мақтаншақ.
Қояр ма еді құлыптап,
Аузыңды бір жапқан шақ.

 

Әй, жалқауым, жалқауым,
Босамасын арқауың.
Босаса егер арқауың,
Оңай болар тарқауың.
Тарқадың ба, оңбайсың,
Жақсы бала болмайсың.
«Жалқау» деген жақсы ат па,
Еңбексүйгіш болғайсың.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий