0 комментариев

Қыста

Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.
 
Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.
 
Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай, тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді?
 
Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік.
Есігінен қораның
Кіре алмасын бораның.

 

Қыс күні

Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
 
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
 
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні! 

Төрт келін

Табиғат атты ананың,
Бой жеткен төрт қызы бар.
Көркі де солар даланың,
Ісіне адам қызығар.
 
Қыс, Көктем, Жаз бен Күз атты
Қыздары өсіп бой жетті.
Төртеуін Жылға ұзатты,
Төрт үй боп бесік тербетті.
 
Қыс келін мамық жамылған,
Ақ тоны артық лағылдан.
Ел-жұртын сүйді сағынған,
Балдыздай моншақ тағынған.
 
Сүйкімді келін — қыз Көктем,
Шуағын төкті жеріне.
Гүлдерін сыйлап түзге еккен,
Шақырды шаттық төріне.
 
Жаз келіп әсем ай қабақ,
Бөлейді жомарт шуаққа.
Жұрт жүзін өбіп аймалап,
Тойғызды қымыз, шұбатқа.
 
Зерлі ішік киіп Күз келін,
Алтынға ұқсап жарқырап,
Ұсынды жеміс, тұз дәмін,
Биледі желмен жапырақ.
 
Төрт келін түгел мейірлі,
Бір-бірін кесіп өтпейді,
Баршаға бірдей пейілді,
Оларға еш жан жетпейді.

 

Қыс

Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
 
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
 
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні! 
Изменен статус публикации
Добавить комментарий