0 комментариев

Нұрлы атырап

Көктемді күткен сағынып,
Қыр жатыр күнге табынып.
Арнадан асқан бұлақ та
Әнінен қалған жаңылып.
 
Төбеден сұр бұлт тұнжырап,
Көрпесін жайып мың-құрақ,
Жер бетін сағым жауыпты,
Бозалаң буы бұрқырап.
 
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап.

 

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті уілем сияқты.
 
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
 
Жаңбыр жауып, басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий