0 комментариев
Көк шыршамыз ырғалып, ♫
Жатыр дала- қыр нағып 
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !
 
Жарасатын еліме,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
 
Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала – қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. 2
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік, ал кәнекей ән салып !
 
Аяз ата әніміз,
Ақшақарың сәніміз,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз ! 3
Күлімдесін күніміз,
Жалындасын жүзіміз,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !
 
Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн .!
Изменен статус публикации
Добавить комментарий