0 комментариев

Жұмысымда жүр едім,
Қонаққа Бақа шақырды.
Көлге келсем су беріп,
Аш қалдырды, қатырды!

 

Құмырсқа көлге шомылып,
Құмға аунады жағада.
Жазда қарға көміліп,
Аққала соқты далада.

 

Шыбын теуіп масаны,
Қыр-сайменен қашады.
Ұстап алып маса оны,
Ет орнына асады.

 

Таңға жуық шамамен,
Ерте тұрып қарап ем,
Қара күшік жоқ еді…
Көктен түсіп келеді.

 

Тышқан мықты іннен шықты,
Белдесті де пілді жықты.

 

Масаға мініп сирақты,
Моторын «гүр» еткіздім.
Адасып жүрген жирафты,
Орманға лезде жеткіздім.

Мың жыл жасап байқағам,
(Бұл ғажапты білдің бе).
Төрт жасқа кеп қайтадан,
Бала болдым бір күнде.

 

«Мен ауырмын» деп
Бүрге, «Ауырмын» деп Маса да,
Дау созылып көп күнге,
Болды үлкен мәселе.

Таластан соң екеуі
Таразыға тартылды.
Масадан сонда Бүргенің
Мың келісі артылды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий