0 комментариев
с. Ә.Дүйсенбиев
ә. Ә.Бейсеуов
 
Ел жатқанда жатпаған
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман-сау жүр ақ мамам
 
  • Күлімдеген көзіңнен
  • Күн мейірімі сезілген
  • Бұл жалғанда балаға
  • Жақын жан жоқ өзіңнен
 
Өзің маған мият-күн
Сен деп таңым жиі атты
Ақ маманың айқайы
Айналайын сияқты
 
  • Күлімдеген көзіңнен
  • Күн мейірімі сезілген
  • Бұл жалғанда балаға
  • Жақын жан жоқ өзіңнен
 
Қуат беріп құшағың
Қанат бітіп ұшамын
Естіртемін алып кеп
Ел білмейтін құс әнін
 
  • Күлімдеген көзіңнен
  • Күн мейірімі сезілген
  • Бұл жалғанда балаға
  • Жақын жан жоқ өзіңнен
 
Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді
 
  • Күлімдеген көзіңнен
  • Күн мейірімі сезілген
  • Бұл жалғанда балаға
  • Жақын жан жоқ өзіңнен
Изменен статус публикации
Добавить комментарий