0 комментариев

Марк Твен ( 30 қараша 1835 жыл, Флорида, Миссури, АҚШ — 21 сәуір 1910 жыл, Реддинг, Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет, балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет, әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған. Гуманист және демократ.

Батылдық деген қорқыныштың жоқтығы емес, батылдық — қорқынышпен күресу және оны жеңе білу.

Дұрыс нәрсе істеңіз. Сонда кей адамдарды қуантасыз, ал өзгелерін таңғалдырасыз.

Адамның мінезін ол күнделікті қолданатын сын есімдерге қарап білуге болады.

Оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ.

Алға жүрудің құпиясы — алғашқы қадамды жасау.

Керең еститін, зағип көретін тіл — мейірім.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий