0 комментариев

 

Швецария жайында сіз білмейтін қызықты ақпараттар.

Айыппұл кіріске байланыстыШвейцарияда жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұл мөлшері әлем бойынша ең көп айыппұл ретінде тіркелді. Жергілікті жүргізуші 290 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісіне 650 мың евро айыппұл салынған.Бұл жақта айыппұл мөлшері кінәлінің жалақысына байланысты. Неғұрлым көп табыс тапсаңыз, соғұрлым айыппұлды да көп төлейсіз. Бұл жақта әділдік осылай өлшенеді.

Шоколад – ең ірі экспорт тауары. Әр жыл сайын Бернде 7 млн тонна Tablerone шоколады өндіріледі. Жақында ғана Швейцарияда 4-шоколад түрі ойлап табылды.Швейцариялық Valcambi фирмасы қатты шоколад формасындағы CombiBar құймаларын шығарады. Мұндай шоколад тақтасын оп-оңай 1 граммға дейін бөліп, сыйлық ретінде немесе төлем құралы ретінде қолдануға болады.

Римнен келген Швейцариялық пышақШвейцариялық әскери пышақ ХІХ ғасырдың соңында пайда болған. Бірақ, оның бұған дейін басқа нұсқасы шығып қойған. Кембридж мұражайының бірінде көне Римде пайда болған әмбебап жиналмалы құрал жәдігер ретінде сақтаулы тұр. Оның құрамына: қасық, шаңышқы, тілгіш, қырғыш және тіс шұқығыш кірген.Швейцариялық пышақтың ол жақта өндірілмейтін бір ғана бөлігі – бұранда (штопор). Ол Жапонияда жасалады.

Санта Клаусты ерекеше досы ертіп жүредіШвейцариялық Санта-Клаустың аты Самиклаус (Samichlaus) деп аталады. Ол балаларды 6 желтоқсаннан бастап аралайды. Сөмкесіне тәттілер, арахис майы және мандарин салып алады. Сонымен қатар, онымен бірге жабық киінген, қорқынышты кейіптегі адам еріп жүреді. Оның аты Schmutzli. «Кір қожалақ» деп аударылады. Оның негізгі жұмысы – ата-анасын тыңдамаған балаларды таяқпен ұру. Қысқасы, тәртіпті боламын деген уәде балаларды жазадан құтқаратын бірден-бір жол.

Каштан ағашындағы алғашқы жапырақ Женевада көктемнің келген белгісімен түсіндіріледі. Женевада 200 жылдан бері көктемнің келуі туралы жарлық бар. Үкімет үйінің терезесіндегі каштан жапырақтары бірінші болып ашылғанда көктем келді деп есептеген. Әдетте, көктем мезгілі наурыз айында келеді. Алайда, кейде түрлі таңғажайып құбылыстар да болып тұрады. Мысалы, 2002 жылы ағаш 29 желтоқсанда гүлдеген. 2006 жылы көктем екі рет келді. Каштан наурыз айында бір рет гүлдесе, қазан айында тағы бір рет бүршік жарды. 2017 жылы көктем Женеваға уақытысында, яғни, 11 наурызда келген.

Және ең қызығы мемлекеттің астанасы да, президенті де жоқШвейцарияда астана мен президенттің жоқтығы жалған ақпарат емес. Есесіне, онда 4 мемлекет бар. Сондай-ақ, референдумның көмегі арқылы ел азаматтары кез-келген қабылданған заңнан бас тарта алады. Швейцарияның бүкіл тарихында ұлтаралық қақтығыстар да болмаған.

 

 

 

 

 

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий