0 комментариев

1726 жылғы Бұланты шайқасы. 1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болады. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланады. Ұрыс Бұланты өзені маңындағы Қарасиыр деген жерде өтті. Бұл жер Бұланты және Білеуті өзендерінің аралығында жатыр. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп, кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «Қалмақ қырылған» деген атпен қалды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.
Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай – Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цинь империясының өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий