0 комментариев

Кез-келген шайқастарда адам саны емес оның рухының жоғары болуы , және ұрыс амалдарын жетік меңгерген қолбасшының біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сөзіме дәлел қазақ тарихындағы “Орбұлақ шайқасы”. Бұл шайқаста қандай ұрыс амалдары қолданылды бәрін қысқаша төменде түсіндіретін боламыз.
XVII ғасырда Қазақстан жеріне күш-қуаты мол Жоңғар хандығы жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Қазақтар өз жерін таңғажайып табандылықпен, ерлікпен корғады. 1643 жылы жоңғар билеушісі Батыр қонтайшы Іле-Талас алқабына 50 мыңдык әскер жібереді. Осы кезде шамаман 10 мың қырғыз Батырдың үстемдігін мойындаған еді. Мұны естіген қазақ сұлтаны Жәңгір жоңғарларға соққы беруге асығады. Қысқа уақыт ішінде оның туының астына 600 адам жиналады. Осы ұрыста топ бастаған арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, шапырашты Қарасай, Суан Елтінді есімді батырлар халық жадында мәңгілік сақталып қалды.
Бар-жоғы 600 жауынгермен 50 мыңдық әскерге тойтарыс беру өте қиын. Сондықтан Жәңгір көмек сұрап, Самарқанд билеушісі Кіші жүзден шыққан Жалаңтөске шабарман жібереді. Өзі жоңғарлардың алдын алу үшін Жетісуға аттанады. Орбұлақ жерінде торуыл құрып жатқан Жәңгір жер жағдайын ескеріп, тау шатқалына өз батырларын оңтайлы орналастырып жасырып қояды. Қаймықпай ішкерілей енген жоңғарларға Жәңгір сұлтан ту сыртынан лап қояды. Садақ пен білтелі мылтықтарынан оқ жаудырып, бірнеше мың жауынгердің көзін жояды. Осы сәтте Жалаңтөс батырдың 20 мыңдық әскері дер кезінде жетіп үлгереді. Олар бірігіп, жауды талқандайды. Сөйтіп, жоңғарлар қазақ жерінен кетуге мәжбүр болады.
Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 800 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебе адамға жанап кетсе болды, безгек тигендей мәңгілікке сұлап түседі екен. Ал Сасықтеке деген гүл таутекелер күйлеген кезде иіскейтін және сол уақытта гүлдейтін болса керек. Соны суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, жағып жіберсе түтіні жан-жануарды уландырып тастайды. Салқам Жәңгір әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 800 сарбазын із суытар жерге тастап, ойраттардың алдынан өзі шығады. Оларды алдаусыратады да «Сасықтеке» түтініне ұрындырады. Қазақ қолының аз екенін білетін жау жапырып тастамақ болып лап бергенде улы түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Міне, осындай амал-айла арқасында қалмақ қолы ойсырай бастайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий