0 комментариев

Бұл – аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда – барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді. Бірақ бұл – жұлдыз емес. Бұл – Шолпан (ғылым тілінде Венера деп аталады), біздің күн жүйесіндегі екінші планета. Басқа планеталар сияқты, Шолпан да өздігінен жарық шығармайды, тек күн жарығын шағылдырады, сондықтан да ол күмістей жарқыраған шам сияқты болып көрінеді. Ақ сәулелі әсемдігіне орай Шолпанды таң жұлдызы деп те атайды.
Шолпан мен біздің Жердің ұқсас сипаттары көп. Екеуі де көрікті – бірі көгілжім, екіншісі – ақкүміс. Көлемдері де шамалас, екеуі де ауа желектеріне оранған. Әсіресе Шолпанның ауа қабыршағы тығыз әрі қалың. Адамдар ұзақ уақыт бойы бұл планетаның беті қандай екенін біле алмады. Ғалымдардың астрономиялық «жанары» – телескоптар Шолпанның қалың бұлт басқан аспанының астында не барын көре алмай-ақ қойды. Ақары астрономиялық «қол» – радиолокаторлар көмекке келді. Олардың көзге көрінбес радиосәулелері Шолпан атмосферасын тесіп өтіп, оның бетіне жетті.
Ғалымдар «таң сұлуының» Жермен салыстырғанда қозғалысы баяу әрі оралымсыз екенін білді. Жер өз осінен 118 рет айналғанда, Шолпан бір-ақ рет айналып үлгереді екен. Сондықтан да біздің Жердегі сағаттарымыз Шолпанда мүлде жарамсыз болып шықпақ: бізше 5 тәулік өткенде Шолпандағы өлшем бойынша бір сағат әрең өтер еді!

Изменен статус публикации
Добавить комментарий