0 комментариев

Фотосинтез процесі дегеніміз не және ол қалай жүзіге асады деген сұраққа жауап іздейтін боламыз.

Фотосинтез (грекше: «фото» – жарық, «синтез» – пайда болу) – өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс. Үдеріс кезінде көмір­қышқыл газ бен судан органикалық заттар мен оттегі пайда болады.

Өсімдіктер дұрыс өсіп, дамуы үшін оларға су, минералды және органикалық заттар керектігін білесің. Су мен минералды заттарды өсімдік топырақтан алады. Ал органикалық заттар қайдан алынады? Сөйтсе, жарықта жасыл өсімдіктер бейорганикалық заттардан органикалық заттарды шығаруға қабілетті екен. Бұл үрдіс – фотосинтез деп аталады. Фотосинтезге қабілеттілік жасыл өсімдіктердің ерекшелігі болып табылады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий