0 комментариев

Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды, крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әртүрлі бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын өндірді. Органикалық қосылыстарды тегіне байланысты табиғижәне синтездікдеп екі үлкен топқа бөлуге болады. Табиғи органикалық заттарға: табиғи газ, мұнай, көмір, шым­тезек (торф), тақтатас (сланец), озокерит, мақта және орман шаруа­шылығының өнімдері, ауылшаруашылығының қалдықтары, т.б. жатады. Синтездік органикалық заттарды органикалық синтез арқылы жасанды жолмен алады.

Табиғи газдар, негізінен, (96%-ға дейін) метаннан тұрады. Дайын күйінде пайдаланылады және әртүрлі органикалық заттар алу үшін, шикізат ретінде қолданылады.
Мұнай – органикалық заттардың күрделі қоспасы.
Мұнайды өңдеп, бензин, керосин және басқа жанармайлар, жағар­майлар алады. Сонымен қатар мұнай маңызды органикалық шикізат болып табылады.
Тас көміротын ретінде қолданылады және одан көптеген органикалық заттар алынады.
Битумды және жанғыш тақтатастардыөңдеу арқылы бензин және басқа отындар, майлар, битум, тұрмыстық газ, т.б. заттар алынады.
Шымтезектенқаныққан көмірсутектер, органикалық қыш­қылдар, фенол, т.б. органикалық заттар алынады.
Целлюлоза, негізінен, мақта талшығы (95-98%) мен ағаш сүрегінің (40-50%) құрамында болады. Целлюлозадан жасанды талшықтар, қағаз, спирт, эфирлер және эфир майларын алады.
Ауылшаруашылығы өнімдері мен олардың қалдықтарынанкрахмал, сахароза, глюкоза, витаминдер және басқа өнімдер алынады.
Синтездікжолмен сан алуан органикалық заттар синтездеуге болады. Олардың шикізаттары, негізінен, мұнай, газ және жоғарыда аталған басқа заттар болып табылады. Мысалы, әртүрлі полимерлер, дәрі-дәрмектер, жасанды және синтездік талшықтар мен каучуктар, органикалық бояулар, т.б. көптеген заттар синтездік жолмен алынады. Табиғатта кездесетін заттармен қатар табиғатта ұшыраспайтын заттарды да синтездеуге болады. Сонымен қатар, заттарды синтездеу арқылы бағалы табиғи заттарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий