0 комментариев

Тіршіліктің қайнар көзі болып табылатын су молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды. Жасушаның 80%-ы судан тұрады. Су ерітінділерінде барлық тіршілікке қажетті процестер жүреді. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі — оның асимметриялығында. Сутек атомы оттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.
Суда еритін заттар гидрофилді (гр. хидор — су және гр. филео— сүйемін) заттар деп аталады. Бұған иондық байланысты (мысалы, тұз) және кейбір молекулалық байланысты (мысалы, кант, нәруыз) заттар жатады. Мысал ретінде тұздың еру процесін көрсетуге болады. Суда тұз натрийдің оң зарядталған катионына және хлордың теріс зарядталған анионына ыдырайды. Натрийдің оң зарядталған ионына су молекуласы теріс полюсімен тартылса, ал хлор ионына оң полюсті жағымен жақындайды. Қорытындысында, әрбір ионның айналасында қабықша пайда болады. Оны гидрат қабығы деп атайды. Зарядталмаған молекулалар суда ерімейді.
Суда ерімейтін заттарды гидрофобты (гр. хидор — су және гр. фобос — қорқу, жек көру) деп атайды. Оларға бензин, керосин, бензол, липидтер, көксағыз, полиэтилен және баска пластмассалар, т.б. жатады.
Бір су молекуласы құрамындағы оттек атомы келесі молекула құрамындағы сутек атомымен сутектік байланыс түзеді. Сутекті байланыс су молекулалары арасындағы көптеген байланысты қамтамасыз етеді. Суды қыздырғанда, энергияның азын-аулақ белігі сутекті байланысты ажыратуға жұмсалады. Сутекті байланыстың ажырауы 70°С температурада басталады. Ал 100°С температурада қайнағанда, барлық сутекті байланыс толықтай ажырайды.
Сутекті байланыстың арқасында судың жылу еткізгіштігі артады. Суытқанда, керісінше, жылу белінеді, себебі жаңадан сутекті байланыс пайда болады. Бұл касиеттеріне қарап, судың жылу өткізгіштігі жоғары екендігін білуге болады.
Су жасушаның физикалық қасиеттерін анықтайды: көлемін; серпімділігін; физиологиялық ортада атқаратын қызметін және биохимиялық процесін; фотосинтез кезінде оттектің бөлінуін; химиялық қосылыстарды; осмос және термореттеушілікті.
Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан — тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан — аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс.–95.57.81.14 18:31, 2013 ж. қазанның 10 (ALMT)
Сусыз тіршілік жоқ. Жасуша массасының көп бөлігін су кұрайды. Адамның эмбриондары мен ми жасушаларынын 80%-ы су. Адам организміндегі 20% суды жоғалтса, өліп қалуы мүмкін. Сүйек ұлпасының жасушасында 20 % су, бұлшықет жасушасында 76 % су болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий