0 комментариев

Аңырақай  шайқасыанан  кейін қазақ халқының әбден еңсесі түсіп азып-тозып рухы сыңған уақытта “Бұланты-Білеуті”  шайқасы  қазақ  халқының  тынысын  кеңейтіп  екінші өмір  силағандай  болды. Осы шайқас  жайында  kyn.kz сайты тың ақпараттарымен  бөліседі.

Шайқас 1727 жылы Бұланты мен  Білеуті өзендерінің ортасындағы тақтайдай тегіс кең жазықта өтті, соғысқа екі жақтан 100 мыңдай сарбаз қатысты. Кең әрі терең ойластырылған әскери тактика мен стратегияны шебер жүзеге асыра білген қазақ қолы кеудесі басылмай тұрған жоңғарларға күйрете соққы берді, оларды тас-талқан етіп жеңді. Сөйтіп, бұл соғыс «Бұланты-Білеуті шайқасы» деп аталып, ұлт тарихына алтын әріптермен жазылды. Бұл шешуші шайқас туралы тарихтың білгірі, халықтың сүйікті жазушысы Мұхтар Мағауин былай деп жазады: «Әлбетте, қазақты қазақтан басқа ешкім-де сақтап қала алмайтын. Егер Бұланты мен, Аңырақайдағы жеңістер болмаса, Қазақ Ордасы осыдан үш жүз жыл бұрын мүлде тозып құрып біткен,  Ноғай  Ордасының кебін киері анық-ты. Тоқтау көрмеген Жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен  тоғысар еді. Сарыарқадан айырылған соң қазақтың барар жері, басар тауы қалмас еді. Хандық садаға, халқының өзі құрып кетер еді» (М. Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы, 1995 жыл).

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий