0 комментариев

Өсімдіктердің шыққан тегі және организмде атқаратын қызметі  бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі қандай   деген сұрақтарға Kyn.kz сайтынан толық ақпарат ала аласыз.

Ұлпа- (грек. hіstos; лат. textum) — өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі. Ұлпаны атқаратын қызметіне, шыққан тегіне, морфологиясына, т.б. қасиеттеріне байланысты бірнеше топқа бөледі. Егер Ұлпа біркелкі жасушалардан құралған болса, оны жай ( колленхима), ал бірнеше жасушалардан тұрса — күрделі ( эпидерма) деп жіктейді. Негізгі Ұлпалар атқаратын қызметіне байланысты ассимиляция, сіңіргіш, қорлық заттар жинаушы, ауа ұстағыш болып ажыратылады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер Ұлпалары 5 түрге бөлінеді:
Меристемалық
Қорғаныш
Механикалық
Өткізгіш
Паренхималық

Изменен статус публикации
Добавить комментарий