0 комментариев

Ұлпалардың түрлері қандай және олар қандай функция атқарады деген сұраққа жауапты kyn.kz

сайтынан оқып білсеңіз  болады.

Негізгі ұлпалар
Өсімдіктің әртүрлі оргаңдарының негізгі бөлігін құрайтын ұлпаларды негізгі ұлпалар деп атайды. Сонымен бірге оларды орындаушы паренхима, негізгі паренхима, немесе жай паренхима деп те атайды. Негізгі ұлпалар клетка қабықшалары жұқа болып келетін тірі  паренхималық  клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың клетка аралық қуыстары болады.  Паренхималық   клеткалар әртүрлі қызмет атқарады. Оларда фотосинтез процесі жүреді, артық қор заттары жиналады, әртүрлі заттарды бойына сіңіреді және басқада  қызметтер атқарады. Негізгі ұлпалардың мынандай түрлері болады.
Ассимиляциялык, немесе хлорофилл түзетін, паренхима (хлоренхима).
Ассимиляциялық паренхималардың  клеткаларында  хлоропластар  болады. Олар фотосинтез процесін іске асырады.

Қор жинаушы ұлпалар. Негізінен сабақтың өзегінде, тамырдың тоздық бөлігінде, сонымен бірге көбею органдарында дәндерінде, жемістерінде, баданаларында, жерасты түйнектерінде және  басқалар  да жиналады Қорлық ұлпаларға шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктердің бойына су жинайтын ұлпаларында жатқызуға болады (кактустардың ,  алоэнің және т.б.).

Сорушы ұлпалар. Бұл ұлпаларға тамырдың, тамыр түктері бар аймағындағы (зонасындағы) клеткалардың (эпиблема) тобы жатады

Ауалык ұлпа (аэренхима). Бұл ұлпа өсірсе  өсімдіктің су асты органдарында, ауадағы және тыныс алу үшін қажетті тамырларында жақсы жетілген.  Олардың клетка аралық қуыстары аса үлкен болып келеді және өзара байланысып, ауаны тазартып тұратын бір жүйе түзеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий