0 комментариев

Қәзіргі кезде күннен күнге өркендеп өсіп жатқан үлкен қалалар тізімі өте көп. Олардың саны өскен сайын қалалардың ластануы да артуда. Қоршаған ортадағы өсімдектер мен жан-жануарларға орасан зор зиянын тигізуде және  тыныс алу жолдарымен ауыратын адамдардың саны жыл сайын жоғарылауда. Себебі салынып жатқан заводтар және көліктердің көбеюі таза ауының ластануын арттыруда. Осыған арнап жасалған лас қалалардың тізімі туралы қызықты да деректі ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

  1. Линьфэнь, Қытай.  Бұл қалада 1978 жылдан бері көмір шахтасы жұмыс істейді. Бір кездері «гүлдер қаласы» деген атаққа ие болған қаланың тұрғындары медициналық масканы үйінің ішінде де қолдануға мәжбүр. Қаланың ластығы соншалық тұрғындар төсек-орнын, киімдерін, тіпті, терісін де зиянды қалдықтардан қорғай алмайды.
  2. Тяньцзинь, Қытай. Қытайдың ең ірі металлургиялық орталығы Тяньцзинь қаласында күндізгі уақытта да көзді ашып жүру қиындық туғызады. Аталмыш қаланың тұрғындары жыл өткен сайын түрлі рак ауруларынан зардап шегеді.
  3.  Орисса, Үндістан. Әлемдегі ең ірі хром кені Одисса қаласының маңында орналасқан. Алты валентті хром ауа арқылы немесе су арқылы адам ағзасына енеді. Аталмыш қала тұрғындарының 75%-ы хромның әсерінен түрлі аурулармен ауырады.
  4.  Ла  Оройа , Перу. Ла Оройа — қорғасын, мырыш сияқты бірнеше металл түрлерін өңдеумен айналысатын қала. Сол себепті де қала   тұрғындарының  өлім көрсеткіші әлем бойынша көш бастап тұр.
  5.   Норильск, Ресей. Ресейде ең лас қалалар көшін бастап тұрған — Норильск. Небәрі бір жылда 4 миллион тонна кадмий, қорғасын, никель, мырыш, селен сияқты металдарды өндіреді. Сондай-ақ, бұл қалаға шетелдіктердің кіруіне тыйым салынған.
  6.  Чернобыль, Украина. 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясы жарылды. Бір қарағанда қала таза көрінгенімен ауадағы радиация әсері түрлі аурулардың тууына себеп болады. Арада 31 жыл өтсе де, қаланың экологиялық ахуалы жақсармады.
  7.   Кабве, Замбия. Кабве қаласында 1902 жылы қорғасын кен орны табылған. Қазба байлықтарымен танымал бұл қаланың да экологиялық көрсеткіші төмен. Мысалы, 2006 жылы кабвелік балалардың қанынан 10 есе көп қорғасын мен кадмий табылған.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий