0 комментариев

Хромосома дегеніміз не және оның құрамы қандай деген сұраққа толық жауапты kyn.kz сайтынан оқып біле аласыздар.  Хромосомалар – ДНҚның ақуызбен қосылған жіңішке жіпшелерінен тұратын
ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманың өзіне тән бояулармен бояп,
анықтауға болады. Олар жасушаның бөлінуі кезінде жақсы, анық байқалады.

Бір  түрдің барлық жасушаларындағы хромосомалардың пішіні мен ондағы генетикплық
ақпарат бірдей болады. Ал әр түрге тән хромосомалардың саны мен пішіні
өзгеріп отырады. Мысалы, адамда 46 хромосома бар. Әрбір хромосома екі
буыннан тұрады. Хромосоманың пішіні оның бірінші бөлімінің орналасуына
байланысты.

Хромосома құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл, ақуыз әне
аздаған РНҚ болады. Әрбір асушалардағы ДНҚ ағзаға қажетті ақуыздың барлығын
синтездейтін ақпарат болып табылады. Гистон дегеніміз – хромосомада құрылыс
қызметін атқаратын ақуыз. Олардың: Н1, Н2а, Н2в, Н3 және Н4 сияқты бес түрі
болады. Қышқыл ақуыз хромосоманың қимылын, ДНҚ мен РНҚ ның синтезін,
ағзалардағы белгілерге жауап беретін ақуыздың қызметін атқарады.

Хромосомадағы РНҚ ядро мен цитоплазманың арасындағы байланысты қамтамасыз
етеді. Ол РНҚ- ның, ядроның бір немесе бірнеше бөлігінде қалыптасады.
Ақуыз молекуласы сияқты, ДНҚ молекуласы да биологиялық полимер. ДНҚ-ның
молекулалық салмағы 10 млн болады, кейбір жағдайда 50-100 миллиоға дейін
жетеді. ДНҚ полимерлері мен мономерлерінің рөлін комплементтік негізіне
сәйкес бірінен кейін бірі орналасатын нуклеотидтер атқарады.

Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасушаның ядросынан табылған, ол латынша
нуклеус- ядро деген мағынаны білдіреді. Сондықтан нуклеин қышқылдары деп
аталған.
Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин және рибонуклеин
қышқылдары РНҚ.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий