0 комментариев

ДНҚ- ның құрылымы, саны және қасиеттері қандай болады оны kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

ДНҚ-ның құрылымын зерттеген көптеген тәжірибелердің нәтижесінде, қырқыншы жылдардың           аяғында төмендегідей мәләметтер белгілі болды:

1) ДНҚ 4 нуклеотидтен тұрады. Олардың алдыңғы екеуі екі, ал қалғандары бір
сақинадан құралған. Әр нуклеотид бесбұрышты қантпен коваленттік байланыс
арқылы қосылған фосфат тобы мен азоттық негізден тұрады.

2) нуклеотидтер бір – бірімен қант және фосфор тобымен ковалентті байланыс
арқылы қосылған. Осы фосфор тобы мен қанттың қалдығынан тұратын ұзын
шиыршықты молекуланы қант- фосфорлы тұлғасы дейді.

3) Э.Чаргафф анықтаған ДНҚ –ның барлық молекуласындағы адениннің саны
тиминмен бірдей, ал гуаниндікі циозинмен тең; Аденин мен тимин екі сутектік
байланыспен, ал гуанинмен цитозин үш сутектік байланыс арқылы қосылыс
түзеді.

4) ДНҚ –ның молекуласы шиыршық болып оралған. Оның негіздері шиыршыққа тік
бұрышпен орналасады. Оны ең алғаш Р.Франклин түсірген рентгенограммадан
көмегімен қантфосфорлы тұлғаның шиыршықтың сыртқы жағында, ал негізі іште
екенін және шиыршықтың бір орамында он нуклеотид болатыны анықталды.
Р.Франклин ашқан деректердің ДНҚ-ның құрамын анықтауда маңызы зор болды.
1953 жылы Ж.Уотсон мен Ф.Крик ұсынған ДНҚ –ның құрылымы еді. Олар ұсынған
құрылымды ДНҚ молекуласы екі жіпшеден немесе тізбектен тұрады. Бұл жердегі
жіпшелердің орнында осы тізбектердің қант- фосфатты тұлғасы тұрады да, ал
баспалдақтың рөлін негіздер атқарады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий