0 комментариев

Тұқым қуалаушылықтың  материалдық негіздері қандай болатындығын kyn.kz сайтынан оқып біле аласыздар.  Хромосомалар – ДНҚ-ның ақуызбен қосылған жіңішке жіпшелерінен
тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманың өзіне тән бояулармен бояп,
анықтауға болады. Олар жасушаның бөлінуі кезінде жақсы, анық байқалады. Бір
түрдің барлық жасушаларындағы хромосомалардың пішіні мен ондағы генетикплық
ақпарат бірдей болады. Ал әр түрге тән хромосомалардың саны мен пішіні
өзгеріп отырады. Мысалы, адамда 46 хромосома бар. Әрбір хромосома екі
буыннан тұрады. Хромосоманың пішіні оның бірінші бөлімінің орналасуына
байланысты. Хромосома құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл, ақуыз әне
аздаған РНҚ болады. Әрбір жасушалардағы ДНҚ ағзаға қажетті ақуыздың барлығын
синтездейтін ақпарат болып табылады. Гистон дегеніміз – хромосомада құрылыс
қызметін атқаратын ақуыз. Олардың: Н1, Н2а, Н2в, Н3 және Н4 сияқты бес түрі
болады. Қышқыл ақуыз хромосоманың қимылын, ДНҚ мен РНҚ ның синтезін,
ағзалардағы белгілерге жауап беретін ақуыздың қызметін атқарады.
Хромосомадағы РНҚ ядро мен цитоплазманың арасындағы байланысты қамтамасыз
етеді. Ол РНҚ- ның, ядроның бір немесе бірнеше бөлігінде қалыптасады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий