0 комментариев

Хромосомалар құрылымы және құрылысы қандай болатындығын kyn.kz сайтынан оқып біле аласыздар.

Хромосома – клетка ядросының құрамында нәсілдік информациясы ДНҚ-да ген
орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын негізгі
құрылым бөлігі.
Хромосома алғаш рет ХІХ ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және 1883
жылы неміс ғалымы В.Вальдейер хромосома деген атауды ұсынды.
Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз
етеді, тұқым қуалатын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа өткізеді. Олардың
хромосомында морфологиялық өзіндік ерекшеліктері болады. Хромосомалар
клетка бөлінуі кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза
және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалды. Орташа алғанда хромосоманың
ұзындығы 0,2-50мкм, диаметрі 0,2-3 мкм.Хромосоманың химиялық құрамы ДНҚ,
РНҚ макромолекулаларынан, кіші молекулалық негіздік белок- гистоннан,
қышқыл, белоктан тұрады.
Хромосомалар үлгісі негізінен центромераға орналасқан бірінші үзбелерге
қарап бөлінеді. Осы үзбелер ядрошықтар құрамына байланысты болады.
Хромосоманың осы бөлігін ядрошықтардың ұйымдастырушысы деп атайды. Кейде
хромосомалардың шетінде кішкентай денелер- хромосома серіктері кездеседі.
Әрбір хромосомада міндетті түрде центромера болады, бұл хромосоманың тең
ортасы. Центромераның орналасуы әр түрлі хромосомаларда әрқилы болуы
мүмкін. Негізгі бояулармен боялғанда олардың кейбір бөлшектері, кейде тұтас
хромосоманың өзі әр түрлі әсерлесік байқатады. Жекелеген учаскілері
қанығыңқы боялады, оларды гетерохроматин, ал кейбірі өте әлсіз боялады,
бұлар эухроматин бөлікері деп аталады. Бұл бөлшектердің генетикалық
қасиеттері әр түрлі. Гетерохроматинде гендер болмайды, сондықтан ол бөлік
тұқым қуу процесіне селқос, ал эухроматинде гендер бар, олар тұқым қууға
белсене қатысады.
Метафазалық хромосомалардың үлгілері әртүрлі, олар:
1) Метацентрикалық – тең иінді
2) Субметацентрикалық – әртүрлі иінді
3) Акроцентрикалық – бір иіні өте қысқа
4) Телоцентрикалық – терминалды немесе бір иінді, таяқшаға ұқсас.
Хромосоманың құрылымы клетка бөлінуінің профаза кезінде анығырақ
байқалады. Профазаның бас кезінде хромосома жіңішке қос жіпше күйінде
қалады. Ал метафаза кезеңінде оның жартылай хроматидтер деп аталатын төрт
жіпшеден тұратындығын көруге болады. Кейіннен электрондық микроскоптың
көмегімен әрбір хромосоманың өзі өте жіңішке жіпшелер – хромонеммалардан
тұратындығы анықталды.
Митоздың әрбір кезеңінде хромосомалардың жуандығы өзгеріп отырады.
Мысалы, профазаның соңында жіңішке хромосома жіпшелері біртіндеп жуандай
бастайды, метафазада олардың тұрқы қысқарып, толық жуандап бітеді. Ал оның
механизмі хромосома құрамындағы хромонемалардың шиыршықталуына байланыты.
Шиыршықталу процесі профазаның соңында басталады да, метафаза кезеңінде
аяқталады.Сондықан да метафазалық хромосома қомақты болып
көрінеді.Телофазада хромонемалар шиыршықталмайды да, интерфазада олық
тарқатылады.
Жарық микроскопы арқылы хромосоманың құрылымын зерттегенде оның жақсы
боялатын, құрылымын зерттегенде оның ақсы боялатын, күнгірт түсті
гетерохроматинді және әлсіз боялатын, ашық түсті эухроматинді бөімдерін
анықтауға болады. Гетерохроматинді бөлігінің функционалдық жағынан да
активтілігі жоғары, себебі гендердің көпшілігі сонда шоғырланады.
Хромосоманың өзі ұзына бойы жіктеліп, буылтықтанып жатады. Оны алып
хромосомалардан көруге болады. Ондай хромосомалар жәй метафазалық
хромосомалардан 100 -200 есе ұзын және ондағы хромонеммалардың сандары 1000
– ға жуық.
Алып хромосомаларды 1933 жылы американ оқымыстысы .Пайнтер дрозофила
шыбынының сілекей безінен тапқан.
Хромосомалардың химиялық құрамы негізінен нуклеопротеидтерден (90 – 92%)
тұрады. Ал нуклеопротеидтің өзі ДНҚ мен белок- гистоннан тұрады. Сонымен
қатар хромосоманың құрамында РНҚ, аз мөлшерде кальций, магний, темір
иондары және РНҚ- мен комплекс түзетін гистонсыз елоктар болады.
ДНҚ құрамында төрт түрлі азотты негіздер: пурин туындылары – аденин,
гуанин және пиримидин туындылары – цитозин, тимин енетін күрделі
биополимер.Олардың әрқайысы қант- дезоксирибозамен және фосфор қышқылының
қалдығымен қосылып, дезоксирибонуклеотидті құрайды. Сол төрт түрлі
нуклеотид ДНҚ молекуласын құрайтын мономерлер болып есептеледі. 1949 жылы
американ оқымыстысы Э.Чаргафф кез келген ДНҚ молекуласында аденин мен
тиминнің және гуанинмен цитозиннің мөлшерінің тең болаындығын көрсетті.
Оны Чаргаффтың ережесі дейді.
1953 жылы американ оқымыстысы Дж.Уотсон мен ағылшын Ф.Крик осы ережеге
сүйене отырып және өздерінің рентгеноқұрылымдық талдау әдісімен жүргізген
зерттеулерін қорытындылай келіп, ДНҚ молекулалық моделін жасады.
Өсімдіктер, ануарлар және микроорганизмдердің ДНҚ-ларының химиялық
құрамын зерттеу арысында олардың әрқайсысында пуринді және пиримидинді
негіздердің орналасу реті мен молярлық қатынасының әр түрлі болатындығы
анықталды. Мысалы, гуанин мен цитозиннің молярлық мөлшерінің қатынасы,
0,45-тен 2,8 дейінгі аралықта. Сонымен бірге олардың ДНҚларында
нуклеотдтердің орналасу тәртібі де түрліше. Мұның тұқым қуалаушылықың
заңдылықтарын ұғуға тікелей қатысы бар.
Ал енді ДНҚ молекуласының құрылымына келетін болсақ, ол
полинукеотидтердің тізбегінен құрылатын, шиыршықталып орналасқан екі
жіпшеден тұрады. Қалыпты ағдайда бір жіпшедегі аденинге екінші жіпшедегі
тимин, сол сияқты цитозинге гуанин сәйкес келіп отырады, яғни
комплементарлы принципте орналасады және олар бір- бірімен сутекті
байланыстар арқылы жалғасады.
Хромосома құрамында РНҚ да енеді, ол да ДНҚ сияқты төрт түрлі
нуклеотидтердің тізбегінен құралады. Бірақ азотты негіз тиминнің орнына
урацил, ал қант- дезоксирибозаның орнына рибоза қанты болады. Сондықтан да
рибонуклеин қышқылы қысқаша РНҚ молекуласы жалғыз ғана жіпшеден тұрады.
Көп уақытка дейін ДНҚ молекуласы оңға бұралған шиыршық түрінде болады
делініп келді, бірақ 1979 жылы американ оқымыстысы А.Рич ДНҚ –ның солға
бұралатын шиыршық түрінде де бола алатындығын дәлелдеді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий