0 комментариев

Баладағы  короновирустың алғашқы белгілері. Әрине баланың күнделікті белсенділігі төмендейді, бойынан кішкене әлсіздігін байқайсыз. Дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады. Кей балаларда диарея, мұрынның бітелуі, фарингит байқалуы мүмкін. Егерде осындай симптомдар сіздің балаңыздың бойынан табылса, міндетті түрде онымен қалай күресу керек және алдын алу жолдарын kyn.kz сайтынан оқып біле  аласыздар.

Негізі  клиникалық хаттама  да COVID-19 қарсы вирусқа қарсы дәрілер көрсетілмеген. Баланың дене қызуын түсіріп, сұйықтықты көп ішуі қажет. Одан басқа өзін-өзі емдеу ұсынылмайды. Бұл дәрігерлердің кеңесі. Ескеретін жағдай егер баланың қызуы үш күн бойы түспеген жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Балалар бұл ауруды жеңіл өткізеді. Әйтседе бір жасқа дейінгі балаларға кішкене қиындау болады бірақ жазылып кетіп жатқандарда баршылық. Оған мысал Алматы қаласында сәби коронавирус инфекциясымен дүниеге келген. Ол перзентханадан бірден инфекциялық ауруханаға жеткізіліп. Біраз уақыттан кейін анасымен бірге жазылып шыққан. Бұндай жағдайлар өте көп. Кейбір балаларда тіпті өзінің бұл аурумен ауырғанында білмей, жеңіл өтуі де мүмкін.  Балаларымыз бұл аурудан сақтау үшін, барлық мамандардың кеңесіне жүгініп, балалардың жеке бас гигиенасына мұқият болуымыз керек.  Қазіргі  жағдайларға байланысты, балалардың топ болып ойнауына шектеу қойып барынша оқшаулауға тырысуымыз керек.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий