0 комментариев

Кез-келген ата-ана, сәбидің жынысын білеуге асығатыны анық. Оның жолдары да өте көп. Мысалы: ата-бабаларымыздың  бұрынан келе  жатқан ырымдары арқылы және әр түрлі елдердің сәби жынысын анықтау жолдары, ата-анасының жасы арқылы да білуге болады. Осындай қызықты ақпараттарды  kyn.kz оқи аласыздар.

Баланың жынысын ата-ананың жасы арқылы есептеу. Кейбір тәжірибелерге сүйенсек, ата-ананың жасы нәрестенің жынысына әсер етеді. Егер әйел күйеуінен 1-9 жасқа үлкен болса, отбасында бірінші дүниеге қыз келеді. Керісінше, күйеуі жұбайынан 5-15 жасқа үлкен болса, ұлды болады. Бұл тек жанұяның тұңғышына ғана қатысты.

Халықтық ырымдарды бірнеше топқа бөлуге болады.

1.   Бірінші топқа овуляциямен байланысты жорамалдар жатады. Мысалға, ұрықтану болжамалы овуляция күніне дейін болса, жұбайлар жыныстық қатынасқа күнде туссе,  белсенді айналысса, заңды түрде некеде тұрса, әйел ерін қаттырақ жақсы көрсе, ұрықтану кезінде еркек  белсенділік танытса, қыз туады. Керісінше, еркек пассивтің рөлін атқарса, ұлды болады. Ұрықтану кезінде әйел оргазм сезінсе, ұлды болады; сезінбесе, дүниеге қыз келеді. Сонымен қоса қызды болуға жеміс, көкөніс, сүтті өнімдер жеген көмектеседі. Егер балалы жұп аз уақыттан кейін тағы нәрестелі болғысы келсе, дүниеге келетін сәбидің жынысы басқа болады деген пікірлер де бар.

Мысалға, бірінші бала қыз болса, енді ұл туады. Жаңбырлы, ылғалды күні құрсаққа қыз бітеді дейді біреулер. Бұған сенсек, күзде әйелдер көбіне қызға жүкті болады. Бірақ бұл деректер ғылыми түрде дәлелденбеген.

2. Екінші топтағы ырымдар жүктілік кезіндегі ананың көңіл күйі, жүктіліктің өтуі сияқты сипаттамаларға негізделген. Дүниеге қыз келетінінің белгілері: тоғыз ай бойы болашақ ананы токсикоз қатты мазалайды, қызуы жиі көтеріледі, оң жаққа жатқанды жақсы көреді, тамаққа тәбеті болмай, тәттіге құмартады, несебі – ақшыл сарғыш түсті; баяу, сымбатты, жеңіл жүреді. Нәрестенің ұл болуын мына заттар хабарлайды: әйел адам сол жағында жатқанды ұнатады, жүрісі тез, ауыр болады.

3. Үшінші топ – іштің пішіні. Құрсақта қыз бала жатса, іш биік орналасады, домаланады, солға қарай жылжиды. Әйелдің саны мен белі үлкейеді. Балалы әйелдер нәрестенің жынысын алдыңғы жүктіліктерімен салыстыра отырып, анықтай алады. Егер жүктілік өзгеше жүрсе, сәбидің жынысы да басқа болуы ықтимал. Ұл бала мен қыз баланы көтеріп жүрген әйелдердің жүктілігі әртүрлі жүреді. Медициналық тәжірибе көрсететіндей, тіпті ультрадыбыстық диагностика да кей жағдайда нәрестенің жынысын нақты анықтай алмайды. УДЗ уақытында сәби қозғалса, жабылса, оның қыз-ұл екенін дәл айту мүмкін емес. Яғни баланың кім болып туылатынын болашақ ата-ана босанғаннан кейін ғана нақты біле алады. Ойланып қарасақ, нәрестенің жынысы емес, оның денсаулығы маңызды. Қыз болсын, ұл болсын, әр бала өмірге келуге құқылы.

Нәрестенің жынысы ата-ананың қан тобымен қалай байланысты?

Қызды, не ұлды болудың тағы бір жолы бар. Ол үшін болашақ ата-ананың қан тобы мен резустарын назарға ала отырып, олардың қаны қашан жаңарғанын анықтау керек. Кей жағдайда жанұяда не ұлдар, не қыздар ғана дүниеге келуі мүмкін. Ол ата-аналардың қан топтары мен резустарына байланысты. Сондықтан, егер сіз ұлды болғыңыз келсе, онда үйленбестен бұрын жарыңыздың қан тобы мен резусын сұрап білгеніңіз абзал. Ескере кетейік, қанның жаңаруына байланысты баланы жоспарлау теориясы бар. Оның мәні неде? Халық арасында еркектің қаны төрт жылда бір, ал әйелдікі үш жылда бір рет жаңарады деген пікір бар. Кімнің қаны салыстырмалы түрде жас болса, баланың жынысы да сондай болады деп саналады. Яғни әйелдің қаны жас болса – қыз, ал еркектігі жас болса – ұл туады. Қанның жаңаруын қалай санауға болады? Болашақ әкенің жасын төртке бөлеміз. Мысалға, еркек 33-те, онда 33:4=8, қалдығы 1. Бұл қаны 1 жыл бұрын жаңарды дегенді білдіреді. Әйел 27-де. 27:3=9, қалдығы 0. Оның қаны енді ғана жаңарды, демек ердікіне қарағанда жас. Яғни қызды күте берсе болады. Бұл әдіс нәтижесінің қаншалықты дәл болатынын айту қиын. Себебі, қанға әсер ететін факторлар бар: қан құю, қан кету, түсік тастау, донор болу, ота кезінде қан жоғалту. Осындай жағдайлардың кесінде қанды ата-ананың туған кезінен бастап емес, осы жайттар орын алған кезден бастап санайды. Кейбір ғалымдар бұл әдістің дәлдік коэффициентін тек 1-2% ғана бағаласа, басқалары, керісінше, нәтижесі 65-88% тура болатынына сенімді.

Жапонияда болашақ баланың жынысын қалай анықтайды?

Жапондықтар да бұл сұрақтан қалыс қалмаған.  Жапондықтар жоспарлаудың өз кестесін ұсынды. Оның өз ерекшеліктері бар. Олардың басытысы – кестеде тек болашақ ата-ананың туған күні ғана ескерілмейді. Негізі, кесте екі бөліктен тұрады. Әуелі сіз «өз» саныңызды іздейсіз: ол еркектің және әйелдің туған күндерін сәйкестендіру арқылы есептеледі. Өз саныңызды тапқаннан кейін екінші бөлікке өтесіз. «Сіздің» саныңыз бағананың жоғарғы жағында көлденеңінен орналасқан. Баланың жынысы оны көтерген аймен анықталады. Белгілі бір аймен «ұл/қыз» бағанасы қиысқан тұста қосу белгілері неғұрлым көп болса, баланың жынысы сіздің қалағаныңыздай болу мүмкіндігі жоғарырақ. Әр ата-анаға бұндай мүмкіндіктер жылына екі рет беріледі.

Бұл әдіс нәтижесінің қаншалықты дәл болатынын айту қиын. Себебі, қанға әсер ететін факторлар бар: қан құю, қан кету, түсік тастау, донор болу, ота кезінде қан жоғалту. Осындай жағдайлардың кесінде қанды ата-ананың туған кезінен бастап емес, осы жайттар орын алған кезден бастап санайды. Кейбір ғалымдар бұл әдістің дәлдік коэффициентін тек 1-2% ғана бағаласа, басқалары, керісінше, нәтижесі 65-88% тура болатынына сенімді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий