0 комментариев

XXI ғасырды бұл қаласыз елестету мүмкін емес. Талай жанның арманы болған қала Нью-Иорк. 1664 жылы Жаңа Амстердам аты Нью-Йоркке өзгерген. Ең жан-жақтан адамдардың көбісі осы қалада қалып қалады екен. Бұл жерде 15- тен аса ұлт өкілдері мекендейді. Аттас штаттың құрамында Олбани, Буффало, Рочестер, Сиракьюс қалалары бар. Қаланың тағы да басқа қызықты ақпараттарымен kyn.kz сайтынан оқи аласыздарү

Сондай-ақ 1997 жылы көше киімін жасау мақсатында New York компаниясы өз брендін жасап шығарған. Компания New York жазуымен белгіленген жеңіл жейде мен бас киімдерді әлі күнге дейін шығарады.
Айта кетейік, әлемге танымал Уолл стрит, “Бостандық” есткерткіші, Таймс-сквер сияқты нысандар Нью-Йоркте орналасқан. Бұл нысандар да Нью-Йоркке туристтерді тартуға өз септігін тигізіп жатыр.

Қазіргі Нью-Йорк қаласының шарықтап дамуы XIX ғасырдан басталады. Оған дейін бұл қала соғыс, бүлік, наразылық, көші-қон мәселелерін бастан кешірген. Қазіргі Уолл-стрит көшесі XIX ғасырда мүлде басқаша болған. Бастапқыда онда тек түрлі ғимараттар болған. Бұл көшеде Американың ең басты қор биржасы орналасқан. Биржа АҚШ-тың қаржы қуатының нышаны деп таныстырылады. Одан бөлек Уолл-стрит көшесінде бірнеше қоғамдық ғимарат та орналасқан. Оған қоса онда көне шіркеу мен танымал қоладан құйылған бұқа мүсіні бар.

Мүсін қаржы ауданының бейресми нышаны болып саналады. Бұл көшеде биік ғимараттар да орналасқан. Себебі көшенің ені тар. Оның ұзындығы бар-жоғы 1,1 шықырым. Негізі Америкада Уолл стриттен де басқа, “бесінші авеню” сынды танымал көшелері жеткілікті. Осылайша америкалықтар шағын көшелері арқылы жалпы бір қаланы танымал қылып отыр. Уолл-стрит туралы атақты актерлер түскен фильмдер қаншама. Сонымен қатар бұл көшенің танымалдығымен ілесетін Бродвей көшесін де айтуға болады. Ол керісінше Нью-Йорктің ең ұзын көшесі.

Сонымен қатар 1931 жылы салынған Эмпайр-стейт-билдингте Нью-Йорк қаласының ресми көрнекі ғимараттардың қатарына енген. Сонымен қатар Уиллис-тауэр, Америка банкі мұнарасы, Крайслер-билдинг зәулім үйлерінің де биіктігі жүздеген метрден асады. Мұндай биік орналасқан ғимараттар Нью-Йорк қаласының келбеті саналады.

Біиктігі 46 метр “Бостандық” есткерткіші де Нью-Йоркте орналасқан. Әлемге әйгілі туынды АҚШ-тың ұлттық ескерткіші саналады. Мүсінде бір қолына шырақ, ал екінші қолына Американың декларациясын ұстап тұрған әйел бейнеленген. “Бостандық” есткерткіші 1886 жылы Американың 100 жылдық тәуелсіздік мерейтойына арналып салынған. Басылымдарға сенсек, бұл ескерткішке жылына миллиондаған адам тамашалауға жиналады. Бұл ескерткіш те саяхаттаушылардың Нью-Йоркке ағылуына үлкен рөл атқарып жатыр.

Таймс-сквер әлемдегі адамдар ең көп баратын көрнекі орын. Онда түрлі театрлар шоғырланған. Бұл жерге шамамен жылына 50 миллион адам барады. Таймс-сквер тек Нью-Йорктің емес, жалпы АҚШ-тың басты нышаны. Бұл алаң бастауын XIX ғасырдан алады. Мұнда театрлардан бөлек, үлкен экрандар мен түрлі жарнамалар орналасқан.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий